Железнодорожное ауылында зілтемірді жатып сығымдап көтеруден турнир өтті

Ауданда бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді. Өңірде жыл өткен сайын жаңа спорттық кешендер салынып, ескі нысандар жөндеуден өтіп, жергілікті билік тарапынан бұл саланы дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Осының әсері болса керек, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұрғындар саны да жылдан-жылға еселене түсуде.

Зілтемірді жатып сығымдап көтеру – бұл күштілікті талап ететін спорттың бір түрі. Осы спортты жанына серік еткен спортшыларға қолдау білдіру және бұқаралық спорттың дамуына «Железнодорожное АМФ» ЖШС директоры Максим Артемук барынша үлес қосып келеді.

Жуырда Железнодорожное ауылында «Железнодорожное АМФ» ЖШС директорының жүлдесі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай зілтемірді жатып сығымдап көтеруден облыстық турнир өтті.

Дәстүрге айналған жарысқа Қостанай қаласы, Әулиекөл, Жангелдин аудандары және Целинное, Қарасу, Қойбағар, Железнодорожное ауылдарынан 70-ке тарта спортшы қатысты.

Жарысқа қатысушалар жас ерекшеліктеріне қарай 5 топқа бөлініп, өзара бақ сынады. Нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Хангасби Жұмабаев жеңімпаз атанды. Целинное ауылынан келген Кирилл Янцен екінші орынды иеленсе, үшінші орынға Гейн Дмитрием (Железнодорожное) табан тіреді.

Қыздар арасында абсолюттік чемпион Қазақстан Республикасының спорт шебері Анастасия Радченко (Қарасу) атанды. Екінші орынды әулиекөлдік Камилла Зиганшина иеленсе, үшінші орынға Регина Демко (Железнодорожное) жайғасты.

Юниорлар арасындағы жарыста Николай Котляр (Қостанай) чемпион атанса, Қазақстан Республикасының спорт шебері Әділет Молдағалиев (Қостанай) екінші орынға, Васильев Александр (Железнодорожное) үшінші орынға қол жеткізді. Қыздар арасында абсолюттік чемпион атағы Алёна Жұмағұлова (Қостанай) бұйырды.

Ерлер арасындағы сайыста Қазақстан Республикасының спорт шебері Жанат Нурушев (Қостанай) жеңіске жетсе, Алексей Симков (Қарасу) күміс жүлдені, ал, Василий Баранов (Қостанай, «Атлет» клубы) жүлделі үшінші орынды еншіледі.

Жалпы командалық есепте Железнодорожное ауылының спортшылары (бапкер – Виктор Мутылев) бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қостанай қаласы (бапкер – Игорь Шилов), үшінші орынды Целинное ауылы (бапкер – Игорь Кузьмич) иеленді.

Жарыс соңында жүлдегерлер мен жеңімпаздар медаль, мадақтама қағазы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетерлігі, турнирдің ойдағыдай өтуіне зор үлес қосып, қаржылай демеушілік көмек көрсеткен – «Железнодорожное АМФ» ЖШС директоры Максим Артемук.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттер әлеуметтік желіден алынды

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.