Ырысы шалқыған – «Бидай К» ЖШС

Аталмыш кәсіпорныннан дихандардың үйренетін тұстары баршылық

«Қуатты экономика — мемлекет тірегі» десек, оның негізгі бағыты — ауыл шаруашылығы екені сөзсіз. Осы орайда Үкіметке нақты тапсырмалар беріп келеді.

Осыған орай, Қарасу ауданында агроөнеркәсіп шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді бағдарламалар қабылданып, заманауи технологиялар енгізу арқылы өнімділікті арттыру, сала еңбеккерлерін қолдау, қаржылай көмек көрсету мықтап қолға алынды.

Қарасу ауданы облыстағы бірден бір аграрлы аймақ болып табылады. Халық даналығында «байлықтың атасы –еңбек, анасы –жер»деген ғибратты сөз бар.

Қасиетті жер де диқанның жүрек жылуын, тамшылата төккен маңдай терін қайтарымсыз қалдырмасы анық. Күз мезгілі шаруалардың жұмысы қызатын шақ. Еңбек адамы үшін ала жаздай күтіп-баптап өсірген дәнді дақылдары мен егіндерін ысырапсыз жинап алу, малдың қысқы жем-шөбін дер кезінде әзірлеу өте маңызды шаруа. Осыған орай аудан көлемінде күзгі жиын-терін жұмыстарының қалай атқарылғанын білу мақсатында аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Мұқанов жолыққан едік.

“Дана халқымыз «жер-ырыстың кіндігі»деп тегін айтпаған ғой. Еңбектенген жанды жер де құр алақан қалдырмайды. Бір дән ексең жемісі еселеніп қайтары анық. Әрине, күн-түн демей тынымсыз еңбек еткен шарулардың өсірген өнімін шашауын шығармай жинап алу, арнайы қоймаларға жеткізу кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Биыл табиғат та оң қабақ танытқан жоқ. Шаруалар үшін жайлы болмады.

Біздің аудан шөптен басқа егін шаруашылығын қоса атқарғандықтан түскен сабан да мал азығына қосымша көмек.

Жалпы аудан тұрғындарының мал қыстату мерзімі ойдағыдай өтеді деп жоспарлануда- дейді Талғат Нұртасұлы.

Күзгі жиын-терін немесе көктемгі егіс науқаны болсын дала жұмыстарын ойдағыдай, сапалы өткізуде ауылшаруашылық техникасының орны бөлек. Шаруа қожалықтары қолда бар техниканы шама-шарқынша толыққанды пайдаланып қана қоймай, оған қоса шаруашылық базасын уақыт талабына сай, жаңа техникалармен де толықтырып келеді.

Солардың қатарында ауданға қарасты Комсомол ауылында орналасқан «Бидай К» ЖШС айтуға болады. Білікті басшы, іскер азамат Жомарт Байбосынов жетекшілік ететін бұл кәсіпорнынның атағы алысқа кеткен. Облыс , аудан қала берді өңірімізге танымал «Бидай К» ЖШС биылда ауданда үздіктердің қатарында. Аталмыш ЖШС қазіргі таңда 11 мың га астам алқапқа дән егіп, сарапсыз жинап алған. Шыққан өнімнің көлемі гектарына 10 центнер, арпа, сұлы 12 центнерді құраған. Бұл көрсеткіш биылғы құрақшылықты ескерсек ауданғы үздік нәтижелердің қатарына жатқызуға болады. 150 ден астам ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қаматасыз етіп ортырған .«Бидай К» ЖШС мақсаты айқын, жұмыс жүйелі. Негізі 1990 эжылдардың басында құрылған мекеме 2 баригадаға бөлінген. Жылсайын заман талабына сай техникаларды да жағалап отырады.

Оның сыртында, «Бидай К» ЖШС директоры Жомарт Ахметұлы ауылдастарына көмек қолын созуды өзінің азаматтық парызы деп біледі. Соның арқасында ауылда 11 жылдық орта мектеп жұмыс ісеп тұр. Басшылықтың тағы бір- қыры жетекші мамандықтарға жастарды тартуы, Мысалы, жоғарыда аталған бригадларға жас маман Александр Забияка басшылық етеді.

«Бұл мамандық менің бала кезден қызығатын кәсібім еді. Сондықтан, оқуымды аяқтай салысымен ел секілді қалаға жүгірмей туып-өскен ауылымда қызмет етуді жөн көрдім. Қазіргі таңдажауапты қызме атқарамын. Басында қатардағы миханизатор болып бастағам. Жалпы адам баласы қандай кәсіпте болмасн жауапкершілік болса жемісін көретіні анық.

Оған менің көзім жетті. Біздің ЖШС тарихы алыста жатыр. 30 жылдан астам Қарасу ауданында қаншама адамды тұрақты жұмыспен қанымдап отыр. Оның өзі жетістік. Ал, алдыңғы қатардан көріну тіптен жаупты. Осынау алда келе жатқан ауыл шаруашылық қызметкерлері күнімен барша диқандарды шын жүретен құттықтаймын. Олардың еңбектеріне табыс, отбастарына амандық тілеймін», – дейді «Бидай К» ЖШС бригадирі Александр Забияка.

Расында Комсомол ауылында жұмыс істеймін деген жанға кәсіп табылады.

Еңбастысы қажырлы еңбектен ерінбеу керек. Оған 20 жылдан бастап туған ауылда табан аудармай жұмыс істеп жатқан қарапайым миханизатор Болат Жуманбаевпен тілдесу барысында көзіміз анық жетті.

«Менің бала кезден техикаға деген қызғушылыңым болды. Сондан болар осы саланы таңдағаным. Осы «Бидай К» ЖШС 1998 жылдан бері еңбек етемін. Ешкімнен кем қалдырмай отбасымды, бала-шағамды өсіріп жатырмын. Мұнда барлық жағдай жасалған. Техикалардың бірі жаңа. Жан қинамайды. Еңбастысы олардың тілін таба білу керек», – дейді үздік миханизатор Болат Жұбанышұлы.

Ия, диқандардың барлық күш-жігері мен мақсат-мүддесі ел ризығын шашпай-төкпей, ысырапсыз жинап алу. Сондықтан тасқалалық шаруалар да келер жылы алға қойған келелі міндеттерді жүзеге асыруда аянбай еңбек етіп, бар күш-жігерін жұмсайтынына сенімім мол.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Карасуская команда спортсменов-тяжелоатлетов стала абсолютным чемпионом на международных соревнованиях

В Караганде прошел открытый чемпионат Азии по силовым видам спорта «Даланын Куаты-lV». (далее…)

4 дня ago

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

1 неделя ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

2 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.