Ардагер құрметіне арналған фестиваль

Алғаш рет ұйымдастырылған спорттық шара өз деңгейінде өтті

Октябрь ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері Мақсұт Хамзинді еске алуға арналған жауынгерлік өнерден «Ақ Ниет» облыстық фестивалі болып өтті.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестивальге «Барс» клубы (Меңдіқара ауданы), «Жас-Ұлан» (Қостанай қаласы), «Динамо» (Қостанай қаласы) және «ШахНур» клубының (Октябрь ауылы) шәкірттері қатысты.

Жарысқа 6-16 жас аралығындағы 150-ге тарта спортшы қатысып, сынға түсті.

Спорттық шара басталмас бұрын ең алдымен командалар таныстырылып, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Сонан соң дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Саутпаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы командаларға жақсы көңіл-күй және жеңіс тіледі. Облыстық қоян-қолтық ұрыс федерациясының төрағасы, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, жоғарғы санаттағы ұлттық бапкер Юрий Щур, жарыстың демеушісі, «Ақ Ниет» ЖШС басшысы Шоазим Халметов, соғыс ардагері Мақсұт Хамзиннің ұлы Сапар Хамзин және дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Тұрсынғали Мұхаметжанов та сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді. Қазақы салт бойынша шашу шашылып, әсем ән шырқалды.

Сондай-ақ, фестивальдің ашылу салтанатында Қарағанды қаласында NOMAD MMA аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз Александр Ворошков, Камила Айтқожина, Ақжол Гамлет Азия чемпионы, Прасковья Кукушкина күміс жүлдегер және Анна Арефьева жүлделі үшінші орынды иеленгені атап өтілді.

Бұдан бөлек, турнирдің демеушілері Мақсұт Шоқан, Сапар Хамзин, Шоазим Халметов, Хабидолла Төлегенов, Сұлтан Абдуғалиев, Максим Артемук, Шакирмухамад Халметов және Юрий Щурге естелік сыйлықтары табыс етілді.

Жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды «ШахНур» клубы (бапкерлері – Шахбоз Халметов, Александр Ворошков) иеленіп, жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды «Жас-Ұлан» клубы (бапкерлері – Юрий Щур, Эдуард Юсупов) жеңіп алса, «Барс» клубы (бапкері – Максим Кутырло) үшінші орынды қанжығасына байлады.

Жарыс соңында жүлдегерлер мен жеңімпаздар медаль, мадақтама қағазы және кубоктармен марапатталды.

Айта кетейік, соғыс ардагері Мақсұт Хамзин 1942 жылы соғысқа өз еркімен аттанған. Ол кезде майдангер бар-жоғы 20 жаста болатын. Соғысты Беларусь майданы құрамында бастап, неміс басқыншыларына қарсы кескілескен шайқастардың бірінде ауыр жарақат алған. 6 ай госпиталде жатып, қайтадан майданға аттанады Солтүстік Германия жеріндегі қақтығыстардың куәсі болды. Кейін Рига, Латвия қалаларын жау қолынан азат етуге қатысты. Жеңісті Балтық теңізі жағалауында қарсы алып, 1946 жылы елге оралады. Соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», «Ленинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» және тағы да басқа орден-медальдармен марапатталды.

Соғыстан кейінгі жылдары Мақсұт Хамзин шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстарына белсенді түрде атсалысты. Теміржол саласында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, қажырлы еңбегінің арқасында станция басшысы деңгейіне дейін көтерілді. 1947 жылы Рабиға Бекенқызымен отау құрып, 9 бала тәрбиелеп өсірді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттер әлеуметтік желіден алынды

Редактор

Recent Posts

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

4 дня ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

2 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

2 недели ago

Поступило тревожное сообщение от жителей одного из сёл Карасуского района

Этот регион в данное время вступил в фазу, когда в одних селениях приходится ещё сдерживать…

3 недели ago

Карасуский район продолжает борьбу с паводком

По состоянию на 8 апреля в опасной зоне подтопления продолжают находиться 8 населённых пунктов. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.