Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді.

Ересектер арасындағы «Бұрқасын» және мектеп оқушылары арасындағы «Қаршық» аудандық спартакиадасы барша спортсүйер қауымды біріктірді.

Қарасу ауданының ІІ қысқы спартакиадасының ашылу салтанаты 11-ақпан күні «Қарасу-арена» хоккей кортында болды. Қысқы спартакиадаға Қарасу халқының қызығушылығы жоғары. Бұл туралы аудан басшысы Қайрат Оспанов құттықтау сөзінде айтқан еді.

-Аудандық спартакиада – достық байланыстарды нығайтуға, командалық рухты дамытуға және мықты спортшыларды анықтауға ықпал ететін дәстүрлі жарыс. Сайыс адал және лайықты күрес атмосферасында өтетініне сенімдімін, ал әрбір қатысушы өз командасының жалпы табысына үлес қосады. Біздің ауданда спорт саласы ерекше маңызға ие. Біздің спортшылар облыстық және өңіраралық жарыстарда үнемі көшбасшы атанып, лайықты өнер көрсетіп жүр,-деді Қайрат Темірханұлы.

Дүбірлі додада 13 ауылдың командасы бақ сынауда. Олар алғашқы күні ойықтан балық аулау, шағын футбол және шорт-трек деген сияқты спорттың үш түрі бойынша сайысқа түсті. Балық аулау жарысы Қойбағар өзенінде ұйымдастырылды. Балықшылар мұз ойып, қармақ салды. Кім көп балық аулайды, сол жеңіске жетеді. Осынау талаптан сүрінбей өтіп, көптің сенімін ақтаған Айдарлы ауылының командасы I орын алды. II орын Октябрь ауылына бұйырды. Үздік үштікті Қарасу ауылының балықшылары түйіндеді. Тартысқа толы әрі қызықты сәтте Қарасу ауылының командасы барын салды. Бұл команданың сапында бақ сынаған әуесқой балықшы Александр Никкельден сыр тартып көргенбіз.

-Бәсеке күшті. Ұйымдастырушылар әділ бағалады. Кей жерде бағыт беріп отырды. Балық аулау кезінде сәттілік маңызды. Жолыңыз болып тұрса қармағыңыз қауып, молшылыққа кенелесіз. Жарыста бізге үшінші орын бұйырды. Ол да жаман емес,-деп бағалады қарасулық балықшы Александр.

Александр Никкель «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қарасу аудандық филиалының басшысы. Бос уақытында бал аулағанды ұнатады. Кішкентайынан атасы қасына ертіп алып, өзенге апаратын көрінеді. Сол уақытта басталған бала күнгі қызығушылығы есейе келе сүйікті ісіне айналыпты.

-Қызметім дала жұмысымен тығыз байланысты. Қым-қуыт тірлік қыза түсетін жазғы маусымда мүлде қолым босамайды. Сондықтан балық аулауға көбінесе қыста шығамын. Ауа-райына қарай, аптасына бір рет балыққа баруға тырысамын. Балық аулау – жан тыныштығы. Күнделікті күйкі тірлікті бір сәтке ұмыттырады. Ал осыны кереметтей жарысқа ұластырып жатқан азаматтарға алғыс айтамын, – дейді ол.

Әуесқой балықшы Торғай даласына, Сарыкөл ауданына, Қостанай қаласының маңына барып, Тобыл өзенінен де балық аулаған сәттерін еске алды. Алайда, ең жақсы балық аулайтын жер Қойбағар өзені деп отыр.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті аудандық спорт бөлімі ұсынды

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

13 часов ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

15 часов ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

5 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

6 дней ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.