Жаңа шамдар орнатылды

Көшелерге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді

Ауыл – елдің алтын қазығы. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз» дейді. Бүгінде ауылдық жерлерді көркейтуге мемлекет үлкен мән беріп отыр. Ауылдың жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарламалар да өз жемісін беруде.

Қарасу ауылы да жыл өткен сайын гүлденіп келеді. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асқан жұмыстар аз емес. Мәселен, Қарасуда көшелерді жарықтандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қойбағар-Қарасу-Севастополь тасжолы, аудан орталығындағы Рамазанов және Анищенко көшелеріне ішінара жаңа жарық шамдары орнатылды. Барлығы 126 шам орнатылды. Қамтылған электр желісінің ұзындығы – 5650 метр. Ескі шамдардың қуаты 250 Вт болса, жаңа шам 120 Вт. Бұл – электр қуатын үнемдеудің бір жолы. Сонымен қатар, жаңа шамның жарық шағаруы 11400 лм құрайды. Бұл көрсеткіш ескісімен салыстырғанда жоғары.

Жарықтандыру жұмыстарына 7 500 000 теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекеме – «Адал-И» ЖШС.

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет автордікі

Редактор

Recent Posts

Глава Карасусского района успешно совмещает работу со спортивным увлечением

Кайрат Оспанов стал серебряным призёром чемпионата мира по профессиональному джиу-джитсу. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық педиатр кішкентай пациенттердің шынайы жанашыры

Қарасу аудандық ауруханасының педиатры Айсұлу Яковлева кішкентай пациенттердің қамқоршысына айналған жан. (далее…)

3 дня ago

В Карасу состоялись соревнования на призы семьи Якимовых

Традиционное состязательное мероприятие в 16 раз собрало любителей древней интеллектуальной игры из всех сёл Карасуского…

7 дней ago

Жители Карасуского района активно участвуют в республиканском марафоне чтения

Проект «Читающая нация» направлен на повышение читательской активности населения, популяризацию отечественной и мировой литературы, а…

1 неделя ago

Қарасудың Октябрь ауылында ақылды датчиктер орнатылуда

Қазір жер-жерде жылыту маусымы басталған мезгіл. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.