«Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – жүрегім» – дәл осындай атаумен Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінде мерекелік шара өтті

Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінде Тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған мектептің педагогикалық ұжымы, оқушылар және ата-аналар қатысты.

Шараның басты мақсаты – оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту, Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру, бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалған соң салтанатты түрде ашылды. Мектеп директоры Айгүл Арғынғазина көпшілік алдына шығып, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде тәуелсіздігіміздің мәңгі болып, ел іргесінің ыдырамауын тіледі.

Бұдан кейін мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына қабылдау рәсімі өтті. Бұл шараның басты мақсаты – өскелең жас ұрпақтың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру, қоғамдық, көпшiлiк жұмыстарға тарту және патриоттыққа баулу.

Аталған «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдарына қабылданған оқушылардың аты-жөні: Гауһар Зейнел, Айдана Жқмаділова, Бекзат Исмурзиев, Асаналі Ибраев, Тамирлан Абдрахманов, Аслан Дюсембаев, Аруна Есентай, Әділхан Кошеков, Дидар Қуанышев, Әлима Мәлік, Амина Төрехан, Малика Шермағамбетова. Оларға көк байрағымыздың түсіндей галстук, төс белгілер салтанатты жағдайда табыс етілді. Аталмыш ұйымдардың қатарына өткен оқушыларды мектеп ұжымы құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Шараны ұйымдастырушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарының мән-маңыздылығына тоқталып, оған қабылданған оқушыларға сәттілік тіледі.

Мерекелік шара аясында концерттік бағдарлама ұсынылды. Мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, күй шертіп, би биледі. «Отан», «Тәуелсіздік», «Туған жер» тақырыптарында өлең шумақтарын оқыды.

Ұйымдастырылған шара көрерменнің көңілінен шығып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттерде: мерекелік шарадан көріністер

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.