Қарасу балалар кітапханасында Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара

Қарасу балалар кітапханасында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Менің тәуелсіз Елім» тақырыбында интеллектуалдық турнир болып өтті. Оған Қарасу орта мектебінің 9-сынып оқушылары қатысты.

Шараның басты мақсаты – ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңінен сыр шерту және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.

Турнир жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, білімдерін толықтырды. Сөйтіп, турнирге қатысқан оқушылар ішінен Қайрат Майленов жеңімпаз атанды. Екінші орынды Мадина Қазиева иеленсе, Дулат Макишев жүлделі үшінші орынды еншіледі.

Тәуелсіздік – бүгінгі біздің теңдесі жоқ байлығымыз. Біз бүгінгі күнге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан елдердің қатарында. Ішкі тұрақтылық, діндер арасындағы береке – бірлік, халықтың әлеуметтік жағдайының түзелуі – Тәуелсіздіктің жемісі.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

3 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

3 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

1 неделя ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.