Қазір жер-жерде жылыту маусымы басталған мезгіл.
Бұл уақытта, әсіресе, пеш жағатын үйлерде қауіпсіздікке баса мән берген жөн. Сақтық шараларын қатаң ескеріп, қарапайым ережені ұстану үлкен қатердің алдын алады.
Осы күні Қарасу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері де күшейтілген қызметке кіріскен. Төтеншеліктер Октябрь ауылында рейд жүргізіп, халықтың әлеуметтік осал тобын аралап шықты. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, нұсқаулықтар берді. Кездесуде жылыту жүйелерінің қауіпсіз жұмыс істеуіне, мұржалардың жағдайына және жылыту құрылғыларын уақытында тазалау шаруаларына ерекше назар аударылды. Мамандар пештің қызып кетуіне жол бермеуге қажеттігін еске салды.
– Көміртегі тотығымен уланудан сақтану үшін қарапайым ережелерді ұстанған жөн. Әсіресе, жылыту пештерін, газ құрылғыларын және мұржаларды үнемі тексеріп отырыңыз. Мұржалар мен желдету арналарын таза ұстаңыз. Басыңыз ауырса, бас айналса, жүрек айнуы немесе әлсіздік пайда болса, дереу таза ауаға шығып 112 нөміріне, жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалыңыз. Қауіпсіздік үйден басталады. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз,-деп хабарлады Қарасу аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.
Рейд барысында кейбір үйлердің ақаулы автономды көміртегі газы детекторлары ауыстырылды. Сондай-ақ көміртегі тотығының қауіпті деңгейін жедел анықтауға және алдын ала ескертуге арналған екі заманауи ақылды детектор (датчик) орнатылды.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті жолдаған аудандық ТЖБ
Стоимость возвращенных участков составила 68 млн тенге. (далее…)
Юные футболисты прославляют имя спортивного наставника своими достижениями. (далее…)
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Завершился первый этап республиканской олимпиады по финансовой грамотности. (далее…)
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Массовое мероприятие объединило животноводческие и растениеводческие хозяйства и рачительных хозяев, выращивающих на приусадебных участках и…
This website uses cookies.