Құрбан айт – қасиетті мереке

Енді санаулы күндерден кейін қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтеміз. Үш күнге созылатын бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше. Алла разылығы үшін құрбандық шалынып, кедей, жетім-жесірлерге қамқорлық көрсетеді. Бұл – айтулы мерекенің маңызды амалы.

Бүгінгі «Сәті түскен сұхбат» атты айдарымыздың қонағы – Октябрь ауылының «Қарамырза» мешітінің имамы Серік қажы Салих. Біз кейіпкерімізбен Құрбан айт мерекесі туралы аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Серік қажы, әңгімеміздің басында Құрбан айттың мән-маңызы, ерекшелігіне тоқталып өтсеңіз.

– Құрбан – Аллаға жақындататын, мойынұсынушылық пен адалдықтың белгісі. Құрбан – бір жағынан бізді Раббымызбен жақындатса, екінші жағынан адамгершілігімізге мән-мағына береді. Өмірдің асау ағысында жүріп естен шығарып алған құндылықтарымыздан қайтадан еске алады. Құрбан – негізінде нәпсінің қалаулары мен талаптарына тұтқындықтан құтылып, құлшылықтың баспалдақтарынан көтерілуді тәмсіл етеді. Құранда «Шындығына келсек, құрбандыққа шалған малыңның еті де, қаны да әсте Аллаға жетпейді. Оған сендерден жететін тек тақуалық қана…» (Хаж ,22/37).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) болса «Адам баласына құрбан айт күндерінде  Алланың дәргейінде құрбан шалудан ауыр басатын еш бір ғибадат жасай алмайды » – деген. Тирмизи, Әдаһи1).

– Коронавирус індеті жер жаһанға үлкен қауіп төндіріп тұр. Әлемді алаңдатып отырған індеттің зардабын біздің еліміз де тартып отыр. Осыған байланысты елімізде 2 тамызға дейін карантин режимі енгізілді. Қасиетті мерекені карантин кезінде қалай атап өтеміз?

Биылғы Құрбан айт күндері 31 шілде, 1 -2 тамыз. Елдегі болып жатқан індетке байланысты мешіттерде айт намазы оқылмайды. Діни Басқарманың берген пәтуасы, сол себептен құрбанға шалатын малыңызды Қарасу ауданы бойынша 31 шілде күні таңертең күн шыққасын 1-2 сағаттан соң, яғни таңғы сағат 7-8-ден кейін, күн батқанша шалғаныңыз дұрыс болады. Биылғы болып жатқан карантинге байланысты үйге қонақ шақырмай, (яғни ет жақыннан басқа) малдың етінің үштен бірін өзіңе алып қалып, қалғанын шикілей жоқ-жітікке, қарып-қасірге таратсаңыз сауаптан болар еді. Сол сияқты үйден шықпай-ақ онлайн тапсырыспен құрбан шалуға болады. Qurban2020.kz  cайт арқылы  тапсырыс пен өтініш қабылданады. CALL CENTER: 87142 39 06 46.

Бұдан бөлек, Қостанай облыстық мешітінің Оразбек Серікбай (8 702 605 44 38) және Тұрым Мұханбетжанов (8778 462 63 61) есімді азаматтары сіздерден тапсырыс алып, сіздің атыңыздан құрбан шалып, сауабын бағыштайды.

– Құрбандық шалудың шарттарына тоқталсаңыз.

– Құрбан шалудың шарттарына тоқталар болсақ, ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылман болуы керек. Тұрғылықты мекенде болу, жолаушы болмау. Нисап мөлшеріне ие болу. (Нисап мөлшерінде артық қаражаты болмаса да кедей мұсылман кісінің құрбан шалуына болады. Шалған құрбандығы нәпіл құрбан үкімінде болады.)

– Сөз соңында көпшілікке айтар тілегіңіз болса…

– Қымбатты жерлестер! Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын ықыласыммен құттықтаймын! Бұл мерекені әлемнің барша мұсылмандары асыға күтеді. Өйткені, ол Алла разылығы үшін құрбандық шалынып, ерекше атап өтуге арналған күн. Алла тағаладан індеттің тез арада кетуін сұрайық.  Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

– Әңгімеңізге көп рахмет!

Сұхбаттасқан Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Как след от инопланетян. В Карасуском районе  появилась огромная земляная воронка посередине поля

Факт обнаружения большого углубления на землях сельхозназначения принадлежит местным жителям. (далее…)

2 часа ago

Карасуская команда спортсменов-тяжелоатлетов стала абсолютным чемпионом на международных соревнованиях

В Караганде прошел открытый чемпионат Азии по силовым видам спорта «Даланын Куаты-lV». (далее…)

6 дней ago

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

2 недели ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

3 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.