Иесіз иттерді жою жалғасуда

Жыл басынан бері аудан бойынша 360 қаңғыбас ит ауланып, көзі жойылды

Жұқпалы ауруларды тарату, ауыл тазалығына нұқсан келтіру, адамдарды қауып алу және талап тастау сияқты мәселелердің қаңғыбас иттерден туындайтыны жалған емес. Ел ішінде бәленшенің иті бәленшені қауып алыпты дегенді де естіп жатамыз.

Мұндай иесіз иттердің өмірімізге қаншалықты қауіпті екенін біле тұра, олардың санын көбейтпеудің, қазірден бастан жоюды дұрыстап қолға алған жөн.

Иә, қаңғыбас иттердің көбейуіне өзіміз себепкерміз. Себебі күшік кезінде асырап, бағып-қағып, кейін өскен соң бос жібере саламыз. Осыдан келіп қаңғыбас итке айналады.

Міне, осындай иесіз қалған көше кезбелері аудан бойынша бүгінде жетерлік. Оларды жою мақсатында ауданымызда қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Осы сауалға тоқталып көрелік.

Ауданда қаңғыбас иттерді жою бағытында аудандық ветеринарлық станция жүйелі түрде жұмыс атқаруда. Мәліметтерге сүйенсек, қаңғыбас иттерді жоюға биыл 2 млн 450 мың теңге қаржы бөлінген. Қаңғыбас иттерді жою мақсатында құрылған арнайы бригада бүгінгі күнге дейін 360 ит аулап, көзін жойды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Алда әлі 620 итті жою міндеті тұр. Игерілмеген 1 млн 550 мың теңге бар.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.