Биыл 5 мектепке ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Әлеуметтік нысандар – әл-ауқаттың көрінісі. Әлеуметтік нысандар туралы сөз қозғағанда, алдымен мектеп, балабақша, мәдени-спорт кешендерін және ауруханаларды алға тартамыз. Оған да жөн бар. Өйткені әлеуметке қажеттісі де осылар.

Әлеуметтік маңызы бар нысандар әрқашан биліктің назарында. Биыл жаңа оқу жылы басталғанға дейін аудандағы білім жүйесінің бірнеше нысанын ағымдық жөндеуден өткізуге басымдық беріліп отыр. Мәселен, Жалғысқан, Станция, Қараман, Ленин және Люблин орта мектептерінің жөндеу жұмыстары басталып, бүгінде жұмыс қарқынды жүруде.

5 мектептің ағымдық жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 90 121 000 теңге қаржы бөлінген.

Айталық, Қараман орта мектебіне 2 млн 400 мың теңге бюджеттен қаржы бөлініп, баспалдақты маршты монтаждау, қабырғаларын сылап, плитка төсеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер мекеме – «Смарт-Проект» ЖК.

Жалғысқан орта мектебінің ғимаратына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге үстіміздегі жылы «ИВА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жалпы құны 16 миллион теңгеге келісім-шарт жасалынды. Қазір мектепте қызу еңбек жүріп жатыр. Ғимараттың екі қабатының қабырғаларын сылау, электр сымдарын жөндеу, терезелер мен электрқалқандарды ауыстыру жұмыстарының өндіріс кестесі дайындалып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ленин орта мектебінің жөндеу жұмыстарын «Строй-Пласт Монтаж» ЖШС мойнына алған. Жөндеу жұмыстары барысында мектептің төбесін жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазір мектептің ішін жөндеу жұмыстар жүргізілу үстінде. Бөлінген қаржы 23 млн 690 мың теңгені құрап отыр.

Бұдан бөлек, Люблин орта мектебінің қасбеті жаңа түске боялып, сыртқы көрінісі өзгеретін болады. Бұл жұмыстарға бюджет есебінен 8 млн 670 мың теңге қаржы бөлінген. Жоспарлы жұмыстарды ««Строй-Пласт Монтаж» ЖШС атқаруда.

Станция орта мектебіне де ағымдық жөнеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін терезелерді ауыстыр жұмыстары 90 пайызға аяқталып, еденді ауыстыр жұмыстары да біршама еңсерілді. Линолеум төселіп, жылу жүйесінің негізгі жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыстар «Курылыс-ТМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сеніп тапсырылған. Оған 17 млн теңге қаржы бөлінді.

Бір сөзбен айтқанда, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына қажетті жағдай барынша жасалып жатыр. Бүгінде жас ұрпақтың жан-жақты білімді болып өсуі қажет. Ол үшін білім ошақтары бекітілген стандарттарға сай жабдықталуы тиіс.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Карасуская команда спортсменов-тяжелоатлетов стала абсолютным чемпионом на международных соревнованиях

В Караганде прошел открытый чемпионат Азии по силовым видам спорта «Даланын Куаты-lV». (далее…)

5 дней ago

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

1 неделя ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

2 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.