Оқушылар мен студенттер арасында шығармашылық онлайн байқау өтті

Тілдерді оқыту орталығында ұлы ақын, ойшыл, кеменгер Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай оқушылар мен студенттер арасында аудандық шығармашылық онлайн байқау болып өтті.

Орталықтың жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты басталған #үйдеқалыңыз, #бізүйдеміз челлендждерін қолдау аясында өткен байқауға ауданымыздағы барлық мектеп оқушылары мен Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі студенттері қатысты.

Байқаудың басты мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын кеңінен насихаттау, ауданымыздағы дарынды жастарды анықтау, ақын шығармашылығының талдануына қолдау көрсету, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және Абайдың асыл сөзін, мол мұрасын зерттеп-зерделеп, аудан тұрғындары арасында дәріптеу.

Байқауға қатысушылар Абай өлеңдерінінен, поэзиясынан, қара сөздерінен үзінді оқып, instagram желісінде #qarasubizbirgemiz, #abaialemiqarasuda хештегтерімен және instagram желісінде @karasucentr аккаунтын белгілеп салды. Өнер сайысына өңірден 40-қа жуық қатысушы ниет білдіріп, оның 17-сі іріктелініп алынды.

Байқау басталған күннен бастап арнайы құрылған комиссия байқау барысын қадағалап отырды.

Байқау шарттарын ескере отырып, арнайы құрылған комиссия осы 17 қатысушы арасында өз шешімін шығарды. Шешім шығару барысында қатысушылардың жас ерекшеліктеріне де назар аударылды.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – демекші, нағыз жүйрік үлкен додада танылады емес пе?! Байқауда ешкімге дес бермей, өзіндік ерекшелігімен көзге түскен балабақша тәрбиленушісі Лаура Шаяхметова бас жүлдені жеңіп алды.

Кіші топ арасындағы сайыскерлер арасында Анель Батталова (Қарасу орта мектебі) бірінші орынды иеленді. Нұрәли Мұратбек (Нұр сәби балабақшасы) пен Анель Жақсағұлова (Қараман орта мектебі) екінші орынды иеленсе, үшінші орынды Елдар Қозыбаев (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі) пен Мирас Қанапин (Нұр сәби балабақшасы) қанжығалады.

Үлкен топ арасындағы сайыскерлер арасында Томирис Қожабаева (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі) бірінші орынға шықса, екінші орынға Дильназ Асылқанова (Қарасу орта мектебі) мен Томирис Аяпберген (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі) табан тіресе, үшінші орын Элина Антипина (Новоселов орта мектебі) мен Саят Магадеевтің (Новоселов орта мектебі) еншісіне бұйырды.

Instagram желісінің оқырмандары дауыс беріп, неғұрлым өзіне көп назар аудартқан Малика Өмірбекова (Қарасу орта мектебі), Темірхан Қапан (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі), Дана Даутова (Қарасу орта мектебі) «Көрермендер көзайымы» номинациясына ие болды.

Арнайы номинация иелері: Бахтияр Маймақов (Қарасу орта мектебі), Сабина Ертай (Қараман орта мектебі), Меңсұлу Испулова (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің бұрынғы оқушысы), Айзере  Әмірқұл (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі), Балауса Әмірқұл (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі).

Тілдерді оқыту орталығы «Абай әлемі» аудандық онлайн байқауының өту барысында ерекше белсенділік танытқан Қарасу мемлекеттік тілде  оқытатын негізгі мектебінің мұғалімдері – Гүлнар Болатбаева, Мадина Байдрахманова, Сымбат Рахымжанова, Омар Қалиев, Қарасу орта мектебінің мұғалімдері – Балдырған Төретаева, Ақбілек Саутпаева, Лейла Оспанова, Новоселов орта мектебінің мұғалімі Гүлсін Кучербаева алғыс білдіреді.

Сондай-ақ тілдерді оқыту орталығы 10 сынып оқушылары – Әлішер Ибраев, Аялан Мұқанов, Камила Авгумбаева, Қарасу орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Канапинаға да ерекше алғыс білдіреді.

Балалардың шығармашылығын ұштаған ұстаздар орталықтың атынан марапатталады.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

4 дня ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

2 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

2 недели ago

Поступило тревожное сообщение от жителей одного из сёл Карасуского района

Этот регион в данное время вступил в фазу, когда в одних селениях приходится ещё сдерживать…

3 недели ago

Карасуский район продолжает борьбу с паводком

По состоянию на 8 апреля в опасной зоне подтопления продолжают находиться 8 населённых пунктов. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.