Ветеринариялық жұмыстар жүйелі жүргізілуде

Бүгінгі таңда еліміз агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айрықша назар аударып отыр

Соның ішінде, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында үлкен көлемде іс-шаралар атқарылуда. Бұл ретте, мал шаруашылығын дамытуда ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың белгіленген деңгейде жүзеге асуы аса маңызды. Себебі, мал басын аман сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Ауданда ветеринариялық іс-шаралар бекітілген жоспар бойынша жүзеге асуда. Сала мамандарының айтуынша, төрт түлікке еспе егу, қан алу, жұқпалы ауруларды анықтау және алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қолға алынған болатын.

Мәселен, жыл басынан бері 17 000 бас ірі қара және 1000 бас шошқа туберкулез дертіне қарсы тексерістен өтіп, екпе егілді. Сондай-ақ жұқпалы маңқа ауруының алдын алу мақсатында 400 бас жылқы тексеріліп, вакцина егілді.

Бұдан бөлек, ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 10 622 бас ірі қарадан қан алынып, бруцеллезге қарсы екпе егілді. 50 бас ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталып, осы дертке шалдыққан 23 бас пышаққа ілінді. Сонымен қатар, 6407 бас ұсақ мал бруцеллезге қарсы тексеріліп, вакцина жасалды.

Аудан аумағындағы барлық елді мекендерде ветеринариялық пункттер жұмыс істейді. Олардың барлығы көлікпен, қажетті құрал-жабдық және ветеринарлық препараттармен қамтылған.

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет интернет желісінен алынды

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.