Өнерлі өрендер шоғырын бір шаңырақ астына топтастырған Қарасу аудандық балалар өнер мектебі

«Өнерлі өрге жүзер» дейді. Өнердің қасиетін түсіне білген, қадір тұтқан, әділдікпен бағалайтын халықпыз.

Өнерлінің өрісі кең, алар асуы көп. Бір жерде концерт немесе мәдени шаралар бола қалған жағдайда, әрине, өнерпаздардың өнерін тамашалауға асығамыз. Өйткені ондай шаралардан жаның шуаққа бөленіп, рухани азық аласың.

Аудан өнеріне өз үлесін қосып, жас өрендердің өрісінің кеңеюіне, дарындыларды іріктеп, олардың талантын одан әрі ұштауда Қарасу аудандық балалар өнер мектебінің атқарып келе жатқан еңбегі орасан зор. Бұл киелі шаңырақ талай шәкірттерді қанатының астына алып, өнерге баулып, тәрбиелеп, қанаттандырды. Осы мектептің өнерлі өрендері талай шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, сахнаға сән беріп, өнерсүйер қауымның көңілінен шығып жүр.

Аталмыш өнер мектебінде көптеген сыныптар және үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылар өз қалаулары бойынша таңдаған сыныптарға немесе үйірмелерге жазыла алады. Мектепте «Вокал», «Дәстүрлі ән», «Хореграфия», «Фортепиано», «Бейнелеу өнері» және «Қол өнері» сыныптары мен үйірмелерінде дәріс беріледі. Мектеп топтық және жекелеп оқытуға сүйене отырып жұмыс істейді.

Айта кетерлігі, «Дәстүрлі ән» сабағы мен «Қол өнері» үйірмесі биыл ашылды.

-Иә, бұл сыныптар жаңадан ашылды. Бекжан Кенжебаев балаларды қол өнерге баулыса, Есімхан Тоқыбаев дәстүрлі ән бағыты бойынша білім беруде. Сондай-ақ, биыл бимен айналысатын балаларға арнап, жеке хореграфия кабинетін аштық. Болашақта басқа да сыныптар мен үйірмелер ашуды жоспарлап отырмыз. Әрине, оның бәрі уақыттың еншісінде. Біздің басты мақсатымыз – өнер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, көркемдік талғамдарын қалыптастыру, – дейді өнер мектебі директорының міндетін атқарушы Әйгерім Сәкенова.

Жаңа оқу жылы басталғалы қашан. Қарасу балалар өнер мектебіне аяқ басып, бос уақыттарын өнерге арнаған 1-сынып оқушылары қаншама. Сейсенбі күні олардың мектепке қабылдануына байланысты мерекелік іс-шара болып өтті. Залға жиналған оқушылар, ата-аналар мен мектеп ұжымы концерт бағдарламаны тамашалап, жақсы бір игі шараның куәсі болды.

Өнер мектебінің бір топ оқушылары – Камел Керібаева, Полина Гончарова, Санжар Барамбаев, Дарья Пономарева, Амина Бакеева, София Щелкалина, Полина Загайнова, Елизавета Кадыкина, Анеля Батталова, Маргарита Богамазова, Даира Шаншарова, Валерия Яшкова, Аруна Есентай, Анастасия Максимова, Дарья Глухова, Диляра Жұмағұл, Айлуна Шатықова, Назира Алжанова, Данеля Шатықова, Малика Шермагамбетова, Саида Хасенова, Марина Пыщева, Анель Сатаева, Сабина Ертай, Дильназ Байжанова, Мила Герасимчик,   Эльдар Шаншаров, Ясмина Байбусинова, Айдана Байжанова,  Алихан Оразбеков, Дарья Дорожкина, Дария Игисенова, Гүлсара Даулет, Эвелина Доронгова, Валерия Дубинина, Евгении Мелентьев, Анеля Никкель, София Попова, Олеся Сакаева, Валерия Тимашенко, Лана Якимец,  Алихан Оразбеков, Санжар Дербсалин, Евгений Панкратов, Аруна Есентай, Малика Шермагамбетова, Ясмина Байбусинова, Елдар Қозыбаев, Искандер Балжақаев, Аяла Иманберлина, Нұржан Мейрамбек, Эмилина Төрехан, Әлима Мәлік, Балауса Әмірқұл, Айдана Жұмаділова, Кожубаева Наргиз және Даулет Жиембаев мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Концерт қызықты әрі көңілді өтті. Өнер мектебінің аталған шараға жақсы дайндалғаны көрініп-ақ тұрды. Әрбір әні мен биі ерекше дараланып, көрермендердің көңіліне шаттық сыйлады.

Концертте «Аққу» және «Болашақ» би ұжымы, Айдана Шарипова, Швецова Алена, Ивочкина Ольга, Амина Бакеева, Орлова Анастасия сынды талант иелері де өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Мектеп ұжымы да ұйымшылдық танытып, оқушылармен бірге сахналық қойылым қойды.

Концерт соңында Әйгерім Төреханқызы ортаға шығып, құттықтау сөз сөйлеп, өнерпаздардың шабытына шабыт қоса білді.

Ауданымызда өнердің дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан Қарасу балалар өнер мектебінің алда алар асуы мен бағындырар белестері көп.

Айта кетерлігі, биыл өнер мектебі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енді. Айталық, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік жобасы аясында биыл аудан орталығындағы білім жүйесінің бірнеше нысаны жөндеуден өткен болатын. Соның бірі – өнер мектебі. Мектептің ішін толық бояу, кабинеттердің еденін айырбастау, пластикалық терезе қою, ғимараттың екінші қабатының жылу жүйесін толық жаңарту және бірінші қабаттың жылу жүйесіне ішінара жөндеу жұмыстары жүргізіу жұмыстары қолға алынды.

Бұдан бөлек, бұрын от жағу үшін пайдаланылған кабинет толық жөндеуден өтіп, хореография кабинеті ашылды.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттерде: өнер мектебіндегі іс-шарадан көріністер

Редактор

Recent Posts

Карасуская команда спортсменов-тяжелоатлетов стала абсолютным чемпионом на международных соревнованиях

В Караганде прошел открытый чемпионат Азии по силовым видам спорта «Даланын Куаты-lV». (далее…)

2 дня ago

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

7 дней ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

2 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

2 недели ago

Поступило тревожное сообщение от жителей одного из сёл Карасуского района

Этот регион в данное время вступил в фазу, когда в одних селениях приходится ещё сдерживать…

3 недели ago

This website uses cookies.