Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді.

Айтулы мерекенің құрметіне орай облыс орталығында салтанатты іс-шара өтіп, белсенді кәсіподақ мүшелері мен үздік ұйымдар марапатталды. Құрмет иелерінің арасында Қарасу ауданы Октябрь жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Зәмзагүл Балтабаева бар.

Зәмзагүл Қадырханқызы еңбек ететін ұжымда жетпіс шақты адам кәсіподақ құрамына алынған. Мұндағы бастауыш кәсіподақ ұйымы мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік және экономикалық мүдделерін қорғап, туындаған сауалдарды шешуге қызмет етеді. Мектеп әкімшілігі мен ұжым арасындағы еңбек заңнамасының сақталуын бақылайды. Әртүрлі еңбек дауларында тиімді шешім қабылдауға бағыттайды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының мақсатын тізбектей берсек жетіп артылады. Осындай маңызды міндеттің бел ортасында жүрген Зәмзагүл Балтабаева Қостанай облысының кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

– Мектептегі бастауыш кәсіподақ ұйымның төрағасы болғаныма екі жыл. «Қорғау» Қостанай облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелігіне төрт жыл бұрын кіргенмін. Әріптестермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Еңбек адамының мүддесі үшін күресу, жан-жақты жәрдемдесу басты міндетіміз,-деді Октябрь жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Зәмзагүл Балтабаева.

Бүгінде Қостанай облысының Кәсіподақтар орталығы 85 мыңнан астам кәсіподақ мүшесін, салалық кәсіподақтардың 11 аумақтық құрылымын және 850-ге жуық бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіреді. «Қостанай облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ирина Аронованың айтуынша, кейінгі жылдары жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға аса мән берілуде. Соңғы бес жылда кәсіподақтардың қатысуымен қаралған 63 сот ісінің 47-сі оң шешіммен аяқталды. Сонымен қатар 26 медиациялық келісім жасалды. Кәсіподақтар федерациясының Құқықтық клиника филиалы азаматтардың 1 мыңға жуық өтінішін қарады.

Салтанатты жиынға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, аймақтағы кәсіподақ қозғалысының жұмысын ерекше атап өтті. Іс-шара барысында облыстағы үздік кәсіподақ ұйымдары мен олардың белсенді мүшелері облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалімен, «Кәсіподақ қайраткері»  медалімен, «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен, «Салалық кәсіподаққа 30 жыл» төсбелгісімен , ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қымбат ДОСЖАНОВА,

Суреттер “Әділет” партиясы Қостанай облыстық филиалының баспасөз қызметінен алынды.

admin

Recent Posts

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 день ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

2 дня ago

Руководитель образовательной организации села Карасу отмечает 10-летие в должности директора школы

К юбилею на руководящем посту талантливый управленец подошла со значимым личным и коллективным багажом достижений…

2 дня ago

Карасуские школьники стали участниками экомарафона

В школе им. Абая поддержали экологическую инициативу. (далее…)

5 дней ago

Қарасу ауданында дәрігерлер қатары жастар жас мамандармен толығуда

Солардың бірі Октябрь селолық ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Еркінбай Кутыбаев. (далее…)

5 дней ago

This website uses cookies.