Қарасу аудныны орталығынан шалғай жатқан Железнодорожное ауылы соңғы кезде ауыз толтырып айтарлықтай талай игі істер атқарылуда

Соның бір жарқын дәлелі, жергілікті кәсіпкер «Железнодорожное АМФ» ЖШС  директоры  Максим Артемуктің жеке қаражатына заман талабына сай спорт кешені бой көтеруде.

Құрылысы осы жылдың жазында басталған нысан келер жылы ауыл тұрғындарының игілігіне берілмек. Қазіргі таіда  сапасы жағынан облыс орталығындағы спорт нысандарынан ешбір кем түспейтін құрылыстың сыртқы жұмыстары бітіп, ішкі жұмыстары қалып отыр.

«Біз қазір қыстың түсуімен, күннің суытуына байланысты құрылыс жұмыстарын тоқтата тұруды жөн деп отырмыз. Өзіңіз білесіз асығыс істелген жұмыстың берекесі болмайды ғой. Оның үстіне бұл  спрот кешенінде спорттың кез келген түрімен айналсуға болады. Қалған жұмыстардың барлығы асқан жауапкершілікті талап етеді. Жобаның жалпы құны 200 млн теңгені құрайды», – дейді туған ауылында жаңа спрот кешенін салып жатқан белгілі кәсіпкер Максим Федорович.

«Туған жерге туың тік» деген қағиданы берік ұстанған азаматтың салып жатқан спорт нысаны 150 адамға арналып отыр.  Аталмыш құрылыста осы уақытта ішкі әрлеу мен едендерін төсеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Көктем шығып, күн жылыған соң қажетті құрал жабдықтар орнатылмақ. Сондай-ақ, нысанға тұрғындардың ешбір алаңсыз  кіріп шыңатын  жолдары да басты  назарда. Ендеше жаз шығысымен  Железнодорожное ауылының тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыруға болатын тамаша орын пайда болмақ.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

6 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.