Мал баққанға бітеді

Теректі ауылының тұрғыны  Әбдықалық Молдахметовтың бастамсы көпке үлгі. Ауыл азаматтары атакәсіпті қайта жандандыруға ниетті. Себебі, мал шаруашылығын дамытуға мемлекет басымдық беріп отыр. Бұл мол мүмкіндікті тиімді пайдаланған ауылдағы ағайындар төрт түлікті көбейтіп қана қоймай, ет, сүт бағытындағы экологиялық таза өнімді нарыққа молынан шығара бастады. Мұндай игі бастаманы қолға алғандардың бірі – Қарасу ауданының Теректі ауылының тұрғыны Әбдықалық Молдахметов ағамыздың бастамы көпке үлгі боларлықтай.

Әбдықалық Қарпықұлы жастайынан төрт түлікті баптап, мал жайғаудың қыр-сырын жетік меңгерді. Ауыл баласы уақыт өте мал басын көбейтіп, оны асылдандыру жайын қарастырып, ойлаған мақсатына мемлекеттік  «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қол жеткізді.

Теректі  ауылында жайылымдық жер мол болғандықтан, мал басын арттыруға мүмкіндік бар екендігін ескерген іскер азамат көп ұзамай  жеңілдетілген несие алу үшін  өтініш білдіреді. Оның бұл бастамасы мамандар тарапынан мақұлданып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы арқылы  «Өнімді жұмыспен қамту» бағдарламасы қаражатынан ұсақ аналық мал басын сатып алуға  қаржыландырылды. Осылайша, мал шаруашылығымен айналысу қомақты  қаражат алып,  өз ісін дөңгелетіп отыр.

– Мал бағу, оны күтіп-баптау бізге таңсық іс емес. «Мал баққанға бітеді» деген ата-бабамыз әу бастан төрт түлікті көбейту жайын жақсы білген. Сондықтан, қазақ даласында тұяқты малдың саны өте көп болды. Міне, қазіргі таңда осы атакәсіпті қайта жандандыруға барлық мүмкіндік жасалған. Тіпті, тиісті мамандарға барып, кеңес алсаңыз да, сізге кәсіп бастаудың қыр-сырын үйретіп, жеңілдетілген несиеге қол жеткізу тетігін көрсетеді. Осындай мол мүмкіндікті елге жасаған, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге жәрдемдескен мемлекеттік бағдарламаларға ауыл халқы дән риза, – деп, ағынан жарылылды отағасы.

Ол қазіргі таңда малдың қыстық азығын қамдалып қойған. Айтуынша, мал күйлі болу үшін қоражай жылы, азығы құнарлы болуы шарт. Сонда ғана мол өнімге қол жеткізуге мүмкіндік бар. Төрт түліктің ебін білген іскер ағамыздың жоспары анық.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Қарасу ауданының Октябрь ауылында жаңа банкомат орнатылды

Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді. (далее…)

24 часа ago

В истории деторождения Карасуского района открыта новая страница

Первая новорожденная года, который пройдёт под знаком Красной Огненной Лошади, появилась на свет 5 января.…

2 дня ago

Карасуское учреждение образования в непогоду приняло российских туристов

Последний буран застал тургруппу у села Октябрьское на трассе республиканского значения KAZ 23 «Костанай –…

5 дней ago

Имя карасуского врача вошло в почётный трудовой том страны

Достижения хирурга Карасуской районной больницы вписаны в Золотую книгу Казахстана. (далее…)

1 неделя ago

Карасуские стрелки примут участие в Чемпионате Республики Казахстан

В Костанае прошли состязания по пулевой стрельбе за кубок Костанайской области. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.