Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды

Бұл жұмыссыздық пен кадр тапшылығы мәселесін қатар шешуге мүмкіндік береді

Еліміздің оңтүстік облыстарында халық саны көп, сәйкесінше жұмыссыздық мәселесі туындайды. Ал, солтүстік өңірлерде демографиялық өсім төмен болғандықтан, әрине кадр тапшылығы сезіледі.

Бүгінгі таңда оңтүстік облыстардың тұрғындарын солтүстікке ерікті негізде қоныстандыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған бұл жоба жұмыссыздық пен кадр мәселесін оңтайлы шешуге септігін тигізіп отыр.

Мәселен, аталмыш бағдарламаны пайданалып, өткен жылы еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінен ауданымызға 7 отбасы көшіп келген болатын. Айталық, Бекжан Кенжебаев пен Назгүл Сүйіндікованың отбасы Қарасу ауданына Түркістан облысы Ордабасы ауданы Мақташы ауылынан көшіп келді.

Олар бұған дейін аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген екен. Кейін орталықтың қызметкерлерінің жұмыс күші жетіспейтін облыстарға қоныс аудару туралы ұсынысын қуана қабылдапты. Сөйтіп, уақыт өте келе, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасына қатысуға ниет білдіріпті.

Бүгінде Кенжебаевтар отбасы Қарасу ауылында тұрады.

Назгүл Мұратқызы Шымкент қаласындағы әлеуметтік педагогикалық университетті бастауыш сынып мұғалімі бойынша тәмамдаған. Бүгінде Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді.

Бекжан Әмірқұлұлы да мектепте еңбек етеді. Ол да Шымкент қаласындағы әлеуметтік педагогикалық университетін оқып, білім алған. Бүгінде мектеп оқушыларын көркем еңбекке баулып жүр.

Еліміздің солтүстіктегі аймақтарына көшуге ықылас білдірген отбасыларға мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау да көрсетіледі.

Мәселен, Кенжебаевтар отбасына Қарасу ауылының Рамазанов көшесі бойында салынған жаңа үйлердің бірінен баспана берілді. Сондай-ақ 375 мың теңгедей ақшалай көмек көрсетілді.

Бекжан мен Назгүл бүгінде 2 қыз, 1 ұл тәриебелеп отыр. Қыздары Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінде оқиды. Кенжелері балабақшада тәрбие алуда.

-Жалпы солтүсттікке көшіп келгенімізге ризамыз. Бұл жер бізге жақты. Жағдайымыз жаман емес. Тұрақты жұмыспен қамтылдық. Жалақымызды уақытылы алып жатырмыз. Тұратын баспанамыз бар. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. Бұдан артық не керек. Осында көшіп келгенде бізге қолдау білдіріп, демеп, көмек берген жандарға алғысым ерекше шексіз, – дейді Назгүл Мұратқызы.

Бекжан мен Назгүл ел тізгінін ұстар жас ұрпаққа сапалы білім беріп, осы салаға өз үлестерін барынша қосқысы келеді. Әрине, білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, абыройлы еңбек етуді басты мақсат санайды.

Міне, Кенжебаевтар отбасының бүгінгі тірлігі осындай. Олар мемлекеттің қолдауын оңды пайдаланып, әлеуметтік тұрмыстарын жақсартып алды. Ең бастысы, адал еңбектерімен өңірімізді көркейту жолында бар күш-жігерлерін, білімдерін жұмсайтындарын жеткізді. Олардың қадамдары қуантады.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Как след от инопланетян. В Карасуском районе  появилась огромная земляная воронка посередине поля

Факт обнаружения большого углубления на землях сельхозназначения принадлежит местным жителям. (далее…)

17 часов ago

Карасуская команда спортсменов-тяжелоатлетов стала абсолютным чемпионом на международных соревнованиях

В Караганде прошел открытый чемпионат Азии по силовым видам спорта «Даланын Куаты-lV». (далее…)

1 неделя ago

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

2 недели ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

3 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.