Әлеуметтік нысандар талапқа сай ма?

Қарасу ауданындағы мүкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруы оңтайлы шешімін табуда

Соңғы дерек бойынша Қостанай облысында бүгінде 28 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Олардың 10 пайызға жуығы балалар. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың барлығына билік тарапынан қамқорлық көрсетіліп, қоғамдық орындарда қолайлы жағдай жасалып, пандустар салынуы тиіс. Себебі, мемлекет межесі – кедергісіз келешек.

Осыған орай Қарасу аудандық әлеуметтік қорғау бөлімі мен «Нұр Отан» партиясының қарасу аудандық филиалы бірлесе отырып аудандағы әлеуметтік нысандардың қаншалықты талапқа сай екендігін анықтау мақсатында рейд өткізді.

Атап айтар болсақ, олдар осынау рейд барысында  «Жамбыл»  негізгі мектебі, «Жамбыл» ауылы әкімінің аппараты «Жаныспай» негізгі мектебі “және «Ақерке « балалар бақшасының кіреберістері тексерілді.

«Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру деңгейін арттыру – мемлекет алға қойған маңызы зор мақсаттардың бірі. Осы орайда олардың жүріп-тұруына, қоғамның тең мүшесі ретінде қалаған жеріне қиындықсыз жетуіне тиісті жағдай жасалуы – «Нұр Отан» партиясының жіті бақылауында. Осы бағытта жыл сайын кешенді іс-шаралар жүргізіледі,», – дейді аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмагүл Ерменова.

Рейд барысында мәлім болғандай, көптеген әлеуметтік нысандарда тиісті талаптар дер кезінде орындағаны байқалады.  Жалпы аудан бойынша былтыр жүргізілген 150-ге жуық тексерістің нәтижесінде 200-ден артық нысанда пандус қоюға қатысты кемшіліктер анықталған болатын. Нәтижесінде олар биыл осы кемшілікті толығымен жойып отырғаны анық байқалады.

Алдағы уақытта атқарылар шаруа жетерлік. Кембағал кісілердің емін-еркін жүріп-тұруына оң жағдай жасау мақсатында биыл 149 әлеуметтік нысанды бейімдеу міндеті тұр. Қазіргі таңда білім беру мекемелеріне жататын 40 нысан жарымжандар үшін қолжетімсіз. Мәдени ғимараттар да осындай олқылықтарға жол беріп келеді.

ҚР Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін еліміз кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін түсіндірген еді.

Жалпы айтқанда, мұндай тұлғалар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек.

«Біз қоғам болып мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыруымыз керек. Оларды өзгелерден өзгеше етіп қалыптастырмай, кедергісіз орта жасай білуіміз керек деп ойлаймын. Тағы бір айта кетерлігі, инклюзивті білім беру орындардағы ерекше жандарға жан-жақты дамыту жұмысын жүргізегеніміз абзал.

Егер осындай игілікті істерді жалғастыра білсек, ондай жандар өздерін қоғамнан оқшау сезінбейді», – дейді Алмагүл Көкенқызы.

Жалпы алғанда аудан бойынша «Кедергісіз келешек» жобасы аясындағы осындай тексеріс шаралары ары қарай жалғасады. Арнайы құрылған қоғамдық жұмыс тобы барлық ескертулерді жинап, мемлекеттік органдарға жеткізеді. Содан кейін оларды шешу жолдары қарастырылады.

Мешіт Ғазизұлы

Суретті аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі түсірді

Редактор

Recent Posts

Карасуская команда спортсменов-тяжелоатлетов стала абсолютным чемпионом на международных соревнованиях

В Караганде прошел открытый чемпионат Азии по силовым видам спорта «Даланын Куаты-lV». (далее…)

5 дней ago

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

1 неделя ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

2 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.