«Астана күніне» сурет салудан байқау өтті

1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Елбасының атын мәңгі сақтау үшін Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасады.

«Біз, қазіргі және келешек ұрпақ өкілдері, Елбасының саяси мұрасын жадымыздан шығармай, қадір тұтып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи еңбегіне лайықты құрмет көрсетуіміз қажет.

Елбасының халқымызға және әлем қауымдастығына сіңірген ерен еңбегі мен ұлы есімін мәңгі есте сақтауымыз керек. Бұл халқымызды, әсіресе, жастарды тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеп, Елбасының даңқты қызметін әділ бағалау үшін маңызды. Ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атын келесідей түрде есте қалдыру қажет деп санайын. Елордамыз оның атын иемденіп, Нұр-Сұлтан деп аталуы тиіс. Мұндай ұсыныс бұған дейін 2016 жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай парламентарийлер қабылданған декларацияда айтылған еді, – деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осынау аталуы мереке қарсаңында Қарасу аудандық «Достық» мәдениет үйі тұңғыш рет балалар арасында суртет салудан байқау жариялаған болатын. Аудандағы болашақ қылқалам шеберлерін бір аранаға тоғыстырған аталмыш байқау «Сүйікті қалам – Астана!» деп аталып, онлайын түрінде өткенін айта кеткен жөн.

«Байқауға 9 адам қатысты.  Қатысушылардың жұмыстары 1 шілдеде Instagram бетінде жарияланды, қорытындысы 6 шілдеде шығарылды. Конкурсқа қатысушыларды атап өтер болсам олар : Вячеслав Якимец Қараман ауылы, Ульяна Крылова 6 жаста, Эвелина Барамбаева 7 жаста, Дарья  Панфилова 5 жаста, Дарья Слабуш 10 жаста Корниловка ауылы, Полина Андрющенко 7 жаста Жалғысқан аулы, Лидия Широкая 8 жаста Амангелді ауылы, Карина Федорова  9 жаста Новоселовка ауылы, Матвиенко Сережа 7 жаста Люблин ауылы.

Бұл байқау әлеуметтік желіде өткен соң жас өрендердің жұмыстырын оқырмандар бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Лайков санау қорытындысы бойынша Карина Федорова жеңімпаз атанды» , – дейді жоғарыда аталған мәдениет үйінің директоры Айна Тикенова.

Осы орайда ерекше тоқтала кетре жайт, сайысқа қатысқан әрбір жас балғын марапатсыз қалмапты. Оларға байқауды ұйымдастырушылар тірлі сыйлықтарды тарту етті.

Расында, қарап отырсақ қазіргі еліміздегі қиын жағдайда балалар үшін осындай жазғы демалыстарын тиімді пайлануға мүмкіндік беретін байқаулар керек болатын. Сондықтан осындай игі бастамалар алдағы уақытта жалғаысын табатынына сенімдіміз.

Мешіт Ғазизұлы

Суретті түсірген «Достық»мәдниет үйі

Все фото можно посмотреть ЗДЕСЬ.

Редактор

Recent Posts

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

4 дня ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

2 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

2 недели ago

Поступило тревожное сообщение от жителей одного из сёл Карасуского района

Этот регион в данное время вступил в фазу, когда в одних селениях приходится ещё сдерживать…

3 недели ago

Карасуский район продолжает борьбу с паводком

По состоянию на 8 апреля в опасной зоне подтопления продолжают находиться 8 населённых пунктов. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.