Домбыраның қоңыр үні

Жас өрендерді ұлттық өнерге баулуда

Аудан өнеріне өз үлесін қосып, жас өрендердің өрісінің кеңеюіне, дарындыларды іріктеп, олардың талантын одан әрі ұштауда Қарасу аудандық балалар өнер мектебінің атқарып келе жатқан еңбегі орасан зор.

Бұл киелі шаңырақ талай шәкірттерді қанатының астына алып, өнерге баулып, тәрбиелеп, қанаттандырды. Осы мектептің өнерлі өрендері талай шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, сахнаға сән беріп, өнерсүйер қауымның көңілінен шығып жүр.

Аталмыш өнер мектебінде көптеген сыныптар және үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылар өз қалаулары бойынша таңдаған сыныптарға немесе үйірмелерге жазыла алады. Мектепте «Дәстүрлі ән», «Домбыра», «Вокал», «Хореграфия», «Фортепиано», «Бейнелеу өнері» және «Қол өнері» сыныптары мен үйірмелері бар. Мектеп топтық және жекелеп оқытуға сүйене отырып жұмыс істейді.

Өнер мектебіне биыл ғана жұмысқа орналасқан жас маман Медет Мұхатов домбыра сыныбында білім береді.

Медет Фазылжанұлы 1995 жылы Амангелді ауданында дүние есігін ашқан. Ол бала кезінен өнерге жақын болып өсті. Мектеп қабырғасында жүрген кезінен бастап-ақ домбыра тартуға деген қызығушылығы оянып, 6-сыныптан бастап домбыраның құлағында ойнай бастады. Бірте-бірте Медетті домбыраның қоңыр үні өзіне баурап алды. Күй құдіретін жан дүниесімен сезіне білген ол өмірін өнермен өрнектегенді жөн көрді.

Осылай асыл арманның жетегінде жүріп, үлкен мақсаттарға жетуді аңсаған Медет мектепті тәмамдаған соң, білімді маман атану үшін қалаға аттанады. Арман қуған жас 2015 жылы Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы оқу орнына оқуға түседі.

Ол еңбек жолын 2016 жылы Амангелді ауданындағы Төкен Елтебаев атындағы саз мектебінде домбырашы болып бастап, 2018-2019 жылдар аралығында Арқалық қаласындағы Бақытжан Байқадамов атындағы саз мектебінде жұмыс істейді. Бұл өнер мектебінде 2 жыл өнімді еңбек еткен соң, биылдан бастап Қарасу аудандық балалар өнер мектебіне домбырашы болып жұмысқа орналасты.

-9 шәкіртім бар. Оларға «Адай», «Балбырауын» және басқа да күйлерді үйреттім. Шәкірттерімнің ұлттық өнерімізге деген ынтасын, құштарлығын жетілдіруге бар күш-жігерімді салып жүрмін, – дейді Медет.

Медеттің алға қойған мақсат-мұраттары көп. Болашақта шәкірттеріне жақсы тәлім-тәрбие беріп, үлгілі де білікті ұстаз атансам дейді.

«Жас келсе – іске!» демекші, жігерлі жастың арман-мұратына сүрінбей жетуіне тілектеспіз!

Жаңабай АХМЕТОВ

Суретте: Медет Мұхатов

Редактор

Recent Posts

При Карасуской мечети «КӨШКІНБАЙ БАЙҒАБЫЛҰЛЫ» создали «Аталар мектебі»

Старшее поколение намерено передавать жизненный опыт молодому поколению и делиться мудростью. (далее…)

3 часа ago

Қарасу тұрғындары ауқымды экологиялық бағдарламаға үн қосты

6-сәуірде облыс аумағында екі айға жалғасатын көктемгі санитарлық тазалау іс-шарасы ресми түрде бастау алды.…

7 дней ago

В Карасуском районе общественная организация приступила к реализации социальных проектов

ОФ «Жанашыр бол» начата проектная работа по двум важным идеологическим линиям. (далее…)

1 неделя ago

В Карасуском районе продолжает работать клуб коллаборации «Терапия искусства»

Третий год во встрече-выставке принимают участие не только креативные педагоги учебных заведений региона, но и…

2 недели ago

Житель Карасуского района привлечен к уголовной ответственности за дропперство

Завершено расследование по факту участия в преступной схеме по выводу денежных средств, полученных незаконным путём.…

2 недели ago

This website uses cookies.