Ауданымызда еркін күреспен айналысып, осы спорт түрін жанына серік еткен жасөспірімдер мен қыздар баршылық. Олардың қатарында облыстық және республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген спортшыларымыз да бар.
Айталық, жуырда Жітіқарада еркін күрес және әйелдер күресінен Жітіқарада ауданы әкімінің жүлдесі үшін Кеңес Одағының Батыры Е. А. Хачинаны еске алуға арналған республикалық ашық турнир болып өтті.
Жыл сайын өткізілетін дүбірлі додаға еліміздің аймақтарынан және Ресей, Қырғызстан сынды елдерден спортшылар қатысты.
Спортшылардың шеберлігін арттыру, талантты спортшыларды анықтау және еркін күресті дамыту мақсатын көздеген турнирде біздің ауданның палуандары екі қола медальді еншіледі. Айталық, 52 келіде сынға түскен Даулеткали Бабенов (Восток ауылы) және 32 келідегі Арина Шакурова (Павлов ауылы) қола жүлдегер атанды.
Жерлестеріміз медаль және мақтау қағаздарымен марапатталды.
– Бұл жарысқа іріктеуден өткен үздік спортшылар қатысты. Кілең мықты деген палуандар. Олардың ішінен топ жару да оңай емес. Десек те, екі қола медальді олжаладық. Алда әлі талай жарыстар бар. Сол жарыстарға тыңғылықты дайындалып, барынша жеңіс тұғырынан көрінуге тырысуымыз керек, – дейді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрестен бапкері Нұрсұлтан Баязитов
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретті ұсынған Нұрсұлтан Баязитов
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.