Мал басын көбейтуге мүмкіндік мол

«Сыбаға» бағдарламасының шарапаты

Ел экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Елімізде бұл саланың дамытуға мүмкіндіктер мол. Жеріміз кең байтақ, жайылым көп. Бұл артықшылықтар мал шаруашылығын дамытуға таптырмас мүмкіндіктер екені даусыз.

Бүгінде елімізде мал шаруашылығын дамытуға айрықша басымдық беріліп келеді. Әсіресе, мемлекетіміз асыл тұқымды мал шаруашылығын өркендетуге ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл сөзімізге, осы саланы дамытуға бағытталған «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламалары толықтай дәлел бола алады. Аталған бағдарламалар арқылы мал шаруашылығын дамытамын деушілерге қаржылай көмек көрсетілуде.

Соңғы жылдары ауданда мал басы көбейіп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие алып, мал шаруашылығын дамытып отырған жерлестеріміздің қатары артуда.

Ауданымызда «Сыбаға» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Осы бағдарлама арқылы пайызы төмен несие алып, кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалар бүгінде жетерлік.

«Мал баққанға бітеді». Мәселен, өткен жылы «Молдахметов А.К.» шаруа қожалығы аталған бағдарлама аясында 25 млн. теңге несие алып, оған 50 бас «Абердин-Ангус» ірі қара малын сатып алды. Асыл тұқымды малды Қарабалық ауданынан сатып әкелді. Бір бастың құны – 500 мың теңге. Алған несиенің үстемақысы 6 пайыз. Несиені өтеу мерзімі ыңғайлы, яғни 15 жылға қарастырылған.

Сондай-ақ мал шаруашылығын жандандыруға ден қойған «Маяк – 2» шаруа қожалығы асыл тұқымды 110 бас аналық сиыр сатып алды. Жалпы «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 160 бас ірі қара сатып алынып, 2018 жылы жоспарланған жұмыс 121%-ға артығымен орындал­ды. Басты мақсат – асыл тұқымды мал басын көбейтіп, малдың күтімін жақсартып, құнарлы жем-шөппен қамтамасыз етіп, халыққа неғұрлым сапалы өнім өткізу.

Бұдан бөлек, «Мустафин Б.Б.» жеке кәсіпкерлігі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы несие алып, алған қаржыға 104 бас ұсақ мал сатып алды және жоспарланған жұмыс 121%-ға орындал­ды.

Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Молдахметов А.К.» және «Қанағат» шаруа қожалықтарымен барлығы 708 бас ұсақ мал сатып алынды.

Сонымен қатар, Қарамырза ауылдық округіне қарасты «Еңбек-С» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 41 млн теңге несие алып, бұл қаржыға 50 бас симменталь тұқымды қашар сатып алды. Қашарлар 8-13 айлық. 1 бастың құны – 800 мың теңге.

Енді шаруалардың алдында асыл тұқымды малды көбейту мақсаты тұр. Сондай-ақ сүт өндіру бағытында да жұмыс жүргізетін болады.

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет газеттің мұрағатынан алынды

Редактор

Recent Posts

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

12 часов ago

Карасуские школьники уже сейчас стараются разбираться в непростом мире финансов

Завершился первый этап республиканской олимпиады по финансовой грамотности. (далее…)

2 дня ago

Карасуский сельскохозяйственный колледж стал диалоговой площадкой для проведения масштабного областного мероприятия – Совета директоров профтехорганизаций Костанайской области

Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)

4 дня ago

Карасуские сельхозпредприятия и владельцы личных подсобных хозяйств приняли участие в районной осенней ярмарке

Массовое мероприятие объединило животноводческие и растениеводческие хозяйства и рачительных хозяев, выращивающих на приусадебных участках и…

6 дней ago

Қарасуда жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығы артқан

Қарасу ауданында жастар мемлекеттік қызметке көптеп келе бастады. (далее…)

7 дней ago

Карасуская пожарная часть №24 обрела современную инфраструктуру и новые возможности для оперативного реагирования

Объект гражданской защиты в селе Карасу прошёл путь масштабной реновации в рамках реализации поручения президента…

1 неделя ago

This website uses cookies.