«Колос» жаттықтыру залында еркін күрестен аудандық турнир өтті

Қарасу аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі еркін күресті дамытуға баса назар аударып келеді. Ауданымызда жастарды еркін күреске жаттықтыратын бапкерлер қатары да бүгінде жетерлік. Күрестің осы түрімен айналысып жүрген жасөспірімдер мен қыздар арасында аудандық біріншіліктер, турнирлер жиі өткізіліп тұрады. Ондағы мақсат – облыстық деңгейде өтетін жарыстарға спортшыларды іріктеу, жастардың спортқа деген ынтасын арттыру және күш-жігерлерін дамыту.

Жуырда аудан орталығындағы «Колос» жаттықтыру залында жасөспірімдер және қыздар арасында еркін күрестен аудандық турнир болып өтті. Еркін күресті дамыту, спортшылардың шеберліктерін шыңдау және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткен жарысқа Қарасу, Восток, Новопавлов, Новоселов, Павлов және басқа да елді мекендердің палуандары қатысты.

Турнир тартысты өтті. Әрбір палуан жеңіске жету үшін бар күшін салып, намысты қолдан бермеуге тырысты.

Бұл жарысқа қатысқан Новопавлов ауылының палуандары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ, 20 келіде сынға түскен Нұржігіт Калел және Ермек Ерболат қола жүлдегер атанды. 32 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Нариман Сандыбек және 35 келідегі Батырбек Абренов жүлделі үшінші орынды иеленсе, 38 келіде Рахат Мирамғали күміс медальді жеңіп алды.

Турнир соңында жүлдегерлер арнайы мадақтама қағаздарымен марапатталды.

– Ауыл жастарын спортқа баулып жүргеніме біршама жыл болды. Біздің ауылда спортты дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Жаттығуларды жиі өткізіп тұрам. Жарыстарға да шығып тұрамыз. Талантты спортшылар ауылдан да шығады. Сондықтан жастардың бойындағы қабілет-қарымды танып-біліп, дұрыс бағыт-бағдар беріп, оның кәсіби тұрғыда дамуына жол ашуымыз керек, – дейді Новопавлов ауылының «Арлан» спорт кешенінің қазақ күресінен бапкері Сағдат Калел.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.