«Мың алғыс!» акциясы аясында

Аналар кеңесінің бастамасымен қайырымдылық шарасы өткізілді

Коронавирус – аса қауіпті жұқпалы індет. Бұл дерт өте тез таралып, әлемдік проблемаға айналып отыр. Бұл індет біздің елде де басылмай тұр. Осы ахуалға байланысты елімізде коронавирус пандемиясына қарсы барлық шаралар қолға алынуда.
Жұқпалы індеттің таралуына жол бермеу мақсатындағы тиісті шаралар дер кезінде қабылданды. Қауіпті дертпен күресте алдыңғы шепте, әрине, дәрігерлер жүр.

Жуырда Құрбан айт мерекесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың алғыс!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өткізілген болатын. Оның мақсаты – вирусқа шалдыққан пациенттермен тікелей жұмыс істейтін және алдыңғы қатарлы медицина қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету.

Дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер ең күрделі жағдайларда жұмыс істейді, олардың көпшілігі кейде өз туыстары мен жақындарына ұзақ уақыт жолыға алмайды. Сондықтан, олардың отбасыларына материалдық (азық-түлік жиынтығы, мерекелік үстелге арналған тағамдар, тауар қоржындары және т.б.) және моральдық қолдау көрсету қазіргі таңда қайырымдылықтың өзекті бағыттарының бірі болып табылады.
Аудандық аналар кеңесінің бастамасымен және «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының қолдауымен аталмыш акция шеңберінде қайырымдылық шарасын өткізілді.

Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Ержанова, Қарасу аудандық мәслихатының депутаты Мария Носаченко, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Мұқанов, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының кадрлық резервінің мүшесі Айна Тикенова, ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Валентина Орловалар бастаған топ аудандық орталық аурухананың уақытша бөлімінің 20 медицина қызметкеріне азық-түлік салынған пакеттер табыс етті. Және аурухананың барлық медицина қызметкерлері мен емделушілеріне арнап «Дәмді дастархан» акциясын ұйымдастырды. Дастарханға бауырсақ, жемістер, тәттілер және басқа да тағамдар қойылды.

Шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер (Г. Итпаева, Т. Жайлебаев, А. Турсунбаев, А. Иргибаев, Ж. Махметов, С. Несипаев, А. Салимжанов, Е. Ертаев, Ж. Даутов, А. Лашенов, К. Байғабылов, А. Сергейчук, В. Хоружий, С. Балықбаев, Б. Жайлебаев) және аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелер қайырымдылық акцияның ойдағыдай өтуіне үлес қосып, демеушілік көмек көрсетті.

Алдағы уақытта аналар кеңесі жылдық жоспарға сай, ауылдық округтерде түрлі іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұратын болады.

Осындай қысыл-таяң уақытта дүрбелең туғызбай, төтенше жағдай режимі талап етіп тұрған тәртіпті, міндеттерді бұлжытпай орындап, әркім жауапкершілікті сезінуі қажет. «Сақтансаң сақтаймын!» деген сөзді әрдайым жадымызда ұстайық.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Карасуская команда спортсменов-тяжелоатлетов стала абсолютным чемпионом на международных соревнованиях

В Караганде прошел открытый чемпионат Азии по силовым видам спорта «Даланын Куаты-lV». (далее…)

2 дня ago

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

1 неделя ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

2 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

2 недели ago

Поступило тревожное сообщение от жителей одного из сёл Карасуского района

Этот регион в данное время вступил в фазу, когда в одних селениях приходится ещё сдерживать…

3 недели ago

This website uses cookies.