Ережеге бағынбағандар анықталды

Қарасуда  қоғамдық тамақтану объектісі мен техникалық қызмет көрсету станциясында карантин ережесін бұзған

Карантин режимін қатаң сақтау – әрбір азаматтың және бизнес субъектісінің міндеті. Бірақ Қарасу ауданында жүргізілген   рейдтік іс-шараларды өткізу барысында арнай құрылған жергілікті мониторинг топ қоғамдық тамақтану объектісі мен техникалық қызмет көрсету станциясында карантиндік шектеулердің бұзғандарды анықтады.

«Қарасу аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің аудан бойынша мониторинг тобының рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті кәсіпкердің елдегі қауіпті дерттің алдын аууға бағытталған сақтық шараларын сақтамақ тұрмақ, арнайы бекітілген ережеге пысқырыпта қарамайтынын анықтады.

Ауданның  бас санитар дәрігері бастап, әкімшілік, полиция қызметкерлері  бірқатар қоғамдық орындарды аралап, біраз кемшіліктерге көз жеткізді.

Рейд барысында қоғамдық тамақтану орындары түнгі 23:00-ден кейін жұмыс істеп тұрғаны, ондағы келушілер саны тым көп екені белгілі болды. Дәмханадағы тұрғындар да бетперде киместен, тіпті қарапайым гигиеналық талаптарға жүрдім-бардым қарайтыны байқалды.

Ал, полиция қызметкерлеріне емін-еркін отырған көпті орнынан қозғау қиынға соқты. Арнайы топ жеке-жеке ескерткеннен кейін ғана тұтынушылар орындарынан асықпай тұрып тарқасты. Осындай кемшіліктерге жол берген дәмхана қожайына  қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

«Қарасудағы қоғамдық тамақтану объектісі мен техникалық қызмет көрсету станциясының  бірінде отырған қызметкерлер қолғапсыз, маскасыз жұмыс істеуде. Сонымен қатар бұл жерде дезинфекциялық шаралар сақталмайды», – дейді «Қарасу аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшының міндетін атқарушы Дүйсенбай Аппазов.

Карантин ережесіне пысқырып қарамаған кәсіпкер Қоланыстағы заңның 462 – баптың 3-бөлігі бойынша әкімшілік жаупкершілікке тартылды. Қарасу аудандық сотының шешімімен жергілікті кәсіпкер  А есімді азаматқа 194460 (бір жүз тоқсан төрт мың төрт жүз алпыс) теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Карантин кезінде шектеулерді бұзу халықтың өміріне қатер төндіретін орны толмас салдарға әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ , жауапкершіліктен жалтарғандарға әкімшілік пен  қарат қылмыстық істе қозғалуы мүмкін.

Мобильді топ өкілдері бұл жолы тек кәсіпкерлерді ғана жауапқа тарттық деп отыр. Алдағы уақытта карантиндік тәртіпке бағынбағаны үшін жеке азаматтарға да айыппұл салынады деп ескертті. Кәсіпкерлерге сақтық шаралары сақталмаған жағдайда өсім көрсеткіші төмендемейтіні, бұл өз кезегінде карантиндік талаптарды қайта күшейтуге алып келгені түсіндірілді. Әсіресе, қарапайым сақтық шараларына ерекше назар аударылуы тиістігі айтылды.

Еске салайық, өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантин режимінің коронавирустық инфекция жағдайы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған кезеңге дейін жалғасатынын мәлімдеген болатын. Соңғы көрсеткіштер бойынша, Қостанай ооблысында коронавирус жұқтырғандар саны көңіл көншітпейді.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Весенние полевые работы в Карасуском районе идут полным ходом

Благоприятные погодные условия позволили местным сельхозникам начать сезонную деятельность по графику. (далее…)

2 дня ago

Улыбнись, все будет хорошо. Или о том, как в Ильячевской школе создают бесконфликтную среду

Медиатор, психолог и юрист общественного фонда «Жанашыр бол» провели встречу в Ильячевской школе Карасуского района…

2 дня ago

Известный семейный психолог в День семьи встретилась с разновозрастной карасуской аудиторией

Темой встречи специалист с 10-летним профессиональным стажем Людмила Должикова обозначила самую злободневную причину разладов в…

2 дня ago

В Карасуском районе представили нового главу

Распоряжением акима Костанайской области от 15 мая 2024 года по согласованию с Администрацией Президента РК…

3 дня ago

На территории Карасуского района продолжает действовать режим чрезвычайной ситуации природного характера

Напомним, введён он 5 апреля из-за гидроопасности от талых вод и разлива местных водоёмов. (далее…)

4 дня ago

Глава крупного агрохолдинга выступил инициатором видоизменения духовного центра села Карасу

С таким обращением руководитель ТОО «Карасу-Астык» Алмат Турсунов выступил на недавно прошедшем совещании, где в…

4 дня ago

This website uses cookies.