Қарасу ауылында жүзеге асып жатқан жобалар өз нәтижесін беруде

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Ауыл әкімі халықпен тікелей өзара іс-қимылда болады және байланысты орната алуқабілеті, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша дер кезінде шешім қабылдай білуі оның қызметінің басты бағыты болып табылады. Жергілікті деңгейде әкім мемлекеттік саясаттыжүргізуші және оның іс-әрекеті бойынша халық арасында жалпы мемлекеттік басқарудың тиімділігіне қатысты көзқарасы қалыптасады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және жергілікті маңызы бар мәселелерді тиімді шешуге үлес қосқан, жұмыста жоғары практикалық нәтижелерге жеткен үздік ауыл әкімдерді анықтауға және көтермелеуге бағытталған «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын жариялайды.

Осыған орай аудандағы жалғыз басылым «Қарасу өңірі» газеті жаға айдар ашып отыр. Ол «Әкім мүнбері» деп аталады. Аталмыш тың жоба аясында бүгін бірінші болып аудан орталығы Қарасу ауылдық округінің әкімі Сергей Мағзұмовтың ел илгігі үшін атқарап жатқан соңғы 1 жыл көлеміндегі ж.мыстарынын тоқталмақпыз.

Соңғы бір жылдың ішінде  Қарасу ауылында біраз ілкімді игі жұмыстар атқарылғанын анық байқауға болады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеутті ауылдарды дамыту үшін өткен жылы «Ауыл ел бесігі» республикалық жобасының арқасында біраз жобалар қаржыландырылды.

Атап айтсақ, осы бағдарлама аясында Қарасу ауылында жалпы сомасы 424,9 млн. теңгеге 8 жоба іске асырылды. Оның ішінде Қарасу аудандық ауруханасының әкімшілік ғимараты күрделі жөнден өтті.

Оған жалпы сомасы 213,0 млн теңге жұмсалы.

Қарасу орта мектебін ағымдағы жөндеу 48,7 млн теңге, балалар өнер мектебін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 27,9 млн теңге, аудандық «Достық» мәдениет үйінің ғимаратын ағымдағы жөндеуге жалпы сомасы 44,0 млн теңге, мемлекеттік тілде оқытатын Қарасу негізгі мектебін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 12,0 млн теңге жұмсалып отыр» , – деді Қарасу ауылдық округінің әкімі Сергей Мағзұмов.

Сонымен қатар аудан орталыңының тұрғындарының бас ауруына айналған өзекті мәселелердің бірі – елді мекенің көшелеріндегі талай жыл жөнделмей тозығы жектен жолдар болатын. Ол мәселеде  өз шешімін тауыпты.

«Исаков көшесі  мен Маслозаводская , Молодежный  тұйық көшелері бойынша жолдарды орташа жөндеуден өтті. Олардың жалпы ұзындығы 2311 метр.

Жөндеу құны 64,3 млн теңгені құрайды.

Оның сыртында Сәндібеков көшесіндегі ұзындығы 216м жолды ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7,5 млн Теңге жұмсалы», – деді ауыл әкімі өз сөзінде.

Ауыл көшелерін ағымдағы жөндеу барысында жарықтандыру мәселесіде назардан тыс қалмаған.Заман талабына сай бұл жаңа шамдар өз кезегінде жылына 589,7 мың теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңартылған электр беру желілерінің жалпы ұзындығы 5650 метрді құрады, 126 дана көше шамдары ауыстырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұрынғы “Жеті күн” қонақ үй кешені ғимаратының базасында «Nur Sabi» балабақшасы ашылды. Жергілікті кәсіпкер Алмат Тұрсынов білім бөліміне өтеусіз негізде берілген бұл сынанында қазір 96 балаға арналған  жаңа балабақша жұмыс істеуде.

Қазңргі таңда аудан орталығында 300 орындықтан асатын мемлекеттік тілде оқытатын орта мектептің құрылысы жүріп жатыр екен. Ол алдағы 8 айдың ішінде өз шәкіртеріне есігін айқара ашпақ.

«Биылда Қарасу ауылында ірі жобалар жүзге асып жатқанын көрген шығарсыздар. Ол Қарасу және Восток ауылдарында 71139 метр су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары жұріп жатыр. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 897 миллион 434 мың 066,53 теңгені құрады. Аталған сомманың 90 пайызын республикалық бюджеттен, сонымен қатар жобаның жалпы сомасының 10 пайызын облыстық бюджеттен бөлінді.

Қазір аудан орталығында салынатын 320 балаға арналған мектеп құрылысының қазығы қағылды.Аумағы 5 765 шаршы метр болатын мектеп алаңына арнайы техникалар тартылып, құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Жаңа мектеп Қарасу ауылының Май зауыты көшесінің қиылысы мен  Совхозный көшесінің қиылысының арасындағы бос тұрған жерде бой көтереді. Мектептің құрылысына 1 285 918,93 мың теңге бөлінген. Мектептің бас жоспарда жүгіру жолдары, футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңдары бар дене шынықтыру-спорт аймағы, оқу-тәжірибе станциясы, мектеп бақшасы, 0-4 сыныптардың демалуына арналған аула, негізгі кіреберістің алдындағы мерекелік алаң, 5-8 сыныптардың тыныш ойын алаңы қарастырылған.Жалпы мектеп ғимараты екі қабатты, жертөлесі бар, жоспарда өлшемдері 57,4 х 58,17 м болатын тікбұрышты нысаны бар. Білім ордасының бірінші қабатының биіктігі 3,3 м, ал екінші қабаты 4,2 м құрайды.Мектеп құрылысы кезінде 82 адам жұмыспен қамтылады” дейді ауыл әкімі.

Қазір жолың түсіп Қарасуға бара қалсаң  бейне бір қалаға келгендей әсер аласың оған дәлел мына сурттер.

«Қарасу ауылын көріктендіру, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

Соңғы бір  жылдың көлемінде аудан орталығындағы бірнеше көшенің жиегіне жаяу жүргіншілерге арналған тротуар жол салынып, халық игілігіне пайдалануға берілген болатын.

Сол игі іс биыл да жалғасын тауып, қазір ауылдағы басты көшелердің бірі А. Исаков және Школьный тұйық көшесіне жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмысы аяқталды.

Ауыл әкіміне тағар мініміз жоқ», -дейді Қарасу ауылының тұрғыны Ғалияш ақсақал.

Мешіт Ғазизұлы

суретті түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Весенние полевые работы в Карасуском районе идут полным ходом

Благоприятные погодные условия позволили местным сельхозникам начать сезонную деятельность по графику. (далее…)

1 день ago

Улыбнись, все будет хорошо. Или о том, как в Ильячевской школе создают бесконфликтную среду

Медиатор, психолог и юрист общественного фонда «Жанашыр бол» провели встречу в Ильячевской школе Карасуского района…

2 дня ago

Известный семейный психолог в День семьи встретилась с разновозрастной карасуской аудиторией

Темой встречи специалист с 10-летним профессиональным стажем Людмила Должикова обозначила самую злободневную причину разладов в…

2 дня ago

В Карасуском районе представили нового главу

Распоряжением акима Костанайской области от 15 мая 2024 года по согласованию с Администрацией Президента РК…

3 дня ago

На территории Карасуского района продолжает действовать режим чрезвычайной ситуации природного характера

Напомним, введён он 5 апреля из-за гидроопасности от талых вод и разлива местных водоёмов. (далее…)

3 дня ago

Глава крупного агрохолдинга выступил инициатором видоизменения духовного центра села Карасу

С таким обращением руководитель ТОО «Карасу-Астык» Алмат Турсунов выступил на недавно прошедшем совещании, где в…

4 дня ago

This website uses cookies.