Қарасулық Андрей Громов Қостанай-Степной бағытын 10 сағтта бағындырды

230 шақырым жол. Дәл осындай қашықтықты велосипедпен жүріп өткен қарасулық жерлесіміз Андрей Громов облыс орталығына 10 сағат ішінде табан тіреді.

Ұзақ сапарға аттанбас бұрын бәрін жан-жақты ой таразысына салып, ақылмен өлшеу керек. Қарасудың тумасы  Андрей Громов  осылай деп санайды.

Андрей «жүрген аяққа жөргем ілінетіндігіне» сенімді. Айтуынша, оның осы велоспортқа құмарлығының бәрі балалық шағынан бастау алған.

«Мен Қостанай-Степное (бұрын «Искра» совхозы деп аталған) бағыты бойынша 230 шақырым қашықтық велосипедпен бірегей және күрделі саяхатқа шықпас бқрын көп жаттықтым. Осынау бір жолды бағындыру мен үшін көптен бергі арманым болатын. Сол мақсатымды орындау үшін былтыр алыс жолға жарайтын жылдамдығы бар велосипедте сатып алды. Қарасу менің туып өскен жерім. Естеріңізде болса былдыр ауданың 80 жылдығын тойладық. Сол мерейтойға сыйым ретінде мен Қостанайдан Қарасуға дейін осы көлігіммен барған еді» ,-дейді бірнеше жүз шақырымды артқа тастап келген жерлесіміз.

Қазіргі таңда сананы тұрмыс билеген заманда Андрей отбасымен облыс орталығы Қостанайға қоныс аударған. Бірақ, барлық қызық кезеңі мен балғын балалық шағы өткен  Степной ауылын бір сәтте естен шығарған емес.

«Әрине осы сәтте бәріміз білім қуып, кәсіп іздеп қалаға көштік. Мені қынжылтатыны осы. Осының салдарынан ауылдар қаңырап бос қалуда. Мен ауылдан жырақтасамда оның тыныс- тіршілігінен үнемі хабардар болып отырамын. Бұл жолғы сапарымда ауылымнан басталуы сондықтан», – дейді Андрей.

Еліміздегі болып жатқан қауіпті дерт Андрей Громовтың биылғы жылғы   велосипедпен Қарасу ауданына жоспарлаған біраз сапарына өзгерістер енгізіп, кейбірін кейінге шегеруге тура келіпті.

Мәселен, ол осы жаза бір топ ауылдастарымен Қарасу ауданын толық аралап шығыу, сонымен қатар Қарасудан сұлу Көкшетауға сапарын тоқтауға мәжбір болып отыр.

«Мен үшін биылғы жоспарды қайта қарап шығуға тура келді. Оны баршаңыз түсінесіздер. Еліміз қатерлі дерпен күресіп жатыр. Осыған байланысты күзге қарай Қостанайдан туған ауылыма тағы бір рет жол жүрмекпін. Бұл жолы сапарым қиындау болды. Бірақ тіжірибе жинады», – дейді жерлесіміз.

Андрей осы жолғы сапарына ұзақтау жолды таңдапты. Атап айтар болсақ, Қойбағар ауылы арқылы Әулиекөл ауданын басып өтіп Қостанайға жеткен.

«Ауылдан таңғы сағат 8 де шықтым. Ауа райы да қолайсыз болды. Қарасы алдымнан қатты жел соғып тұрды. Бұл жылдамдыққа айтарлықтай әсер етеді. Оның үстіне Қарасу жері Торғай үстіртімен шектесіп жанқандықтан облыс орталғына қарай жүргенде өр болып келеді.бұғанда күш жұмсауға тура келеді. Жолдағы аялдамаларды қоспағанда мен облыс орталығына 230 шақырымды он сағатта жүріп өттім», -дейді ол.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.