Қарасуда қоғамдық тамақтану объектісі мен техникалық қызмет көрсету станциясында карантин ережесін бұзған
Карантин режимін қатаң сақтау – әрбір азаматтың және бизнес субъектісінің міндеті. Бірақ Қарасу ауданында жүргізілген рейдтік іс-шараларды өткізу барысында арнай құрылған жергілікті мониторинг топ қоғамдық тамақтану объектісі мен техникалық қызмет көрсету станциясында карантиндік шектеулердің бұзғандарды анықтады.
«Қарасу аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің аудан бойынша мониторинг тобының рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті кәсіпкердің елдегі қауіпті дерттің алдын аууға бағытталған сақтық шараларын сақтамақ тұрмақ, арнайы бекітілген ережеге пысқырыпта қарамайтынын анықтады.
Ауданның бас санитар дәрігері бастап, әкімшілік, полиция қызметкерлері бірқатар қоғамдық орындарды аралап, біраз кемшіліктерге көз жеткізді.
Рейд барысында қоғамдық тамақтану орындары түнгі 23:00-ден кейін жұмыс істеп тұрғаны, ондағы келушілер саны тым көп екені белгілі болды. Дәмханадағы тұрғындар да бетперде киместен, тіпті қарапайым гигиеналық талаптарға жүрдім-бардым қарайтыны байқалды.
Ал, полиция қызметкерлеріне емін-еркін отырған көпті орнынан қозғау қиынға соқты. Арнайы топ жеке-жеке ескерткеннен кейін ғана тұтынушылар орындарынан асықпай тұрып тарқасты. Осындай кемшіліктерге жол берген дәмхана қожайына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
«Қарасудағы қоғамдық тамақтану объектісі мен техникалық қызмет көрсету станциясының бірінде отырған қызметкерлер қолғапсыз, маскасыз жұмыс істеуде. Сонымен қатар бұл жерде дезинфекциялық шаралар сақталмайды», – дейді «Қарасу аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшының міндетін атқарушы Дүйсенбай Аппазов.
Карантин ережесіне пысқырып қарамаған кәсіпкер Қоланыстағы заңның 462 – баптың 3-бөлігі бойынша әкімшілік жаупкершілікке тартылды. Қарасу аудандық сотының шешімімен жергілікті кәсіпкер А есімді азаматқа 194460 (бір жүз тоқсан төрт мың төрт жүз алпыс) теңге мөлшерінде айыппұл салынған.
Карантин кезінде шектеулерді бұзу халықтың өміріне қатер төндіретін орны толмас салдарға әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ , жауапкершіліктен жалтарғандарға әкімшілік пен қарат қылмыстық істе қозғалуы мүмкін.
Мобильді топ өкілдері бұл жолы тек кәсіпкерлерді ғана жауапқа тарттық деп отыр. Алдағы уақытта карантиндік тәртіпке бағынбағаны үшін жеке азаматтарға да айыппұл салынады деп ескертті. Кәсіпкерлерге сақтық шаралары сақталмаған жағдайда өсім көрсеткіші төмендемейтіні, бұл өз кезегінде карантиндік талаптарды қайта күшейтуге алып келгені түсіндірілді. Әсіресе, қарапайым сақтық шараларына ерекше назар аударылуы тиістігі айтылды.
Еске салайық, өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантин режимінің коронавирустық инфекция жағдайы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған кезеңге дейін жалғасатынын мәлімдеген болатын. Соңғы көрсеткіштер бойынша, Қостанай ооблысында коронавирус жұқтырғандар саны көңіл көншітпейді.
Мешіт Ғазизұлы
Начато строительство системы водоснабжения в селе Павловское Жамбылского сельского округа. (далее…)
В очередной раз карасуляне отличились в мини-футболе, продемонстрировав технически грамотную игру и сыгранность членов команды,…
Семинар-тренинг прошёл в городе Косшы Акмолинской области, куда съехались представители Молодёжных ресурсных центров из всех…
Биыл ауыл ішіндегі төрт көшенің жолы орташа жөнделетін болды. Оған облыстық бюджеттен 169 млн теңге…
Биыл ауыл ішіндегі төрт көшенің жолы орташа жөнделетін болды. Оған облыстық бюджеттен 169 млн теңге…
Отсутствие бдительности карасуские правоохранители называют главной причиной, по которой граждане становятся жертвами мошенников. (далее…)
This website uses cookies.