Қарасуда қоқыс жинау алаңдары пайда болды

Ауыл тазалығы – халықтың айнасы. Қандай да бір елді мекенге бара қалсаңыз, әрине, алдымен сол ауылдың тазалығына, көркіне көңіл аударасыз. Өйткені бірінші болып осылар көзге түседі. Сондықтан да, ауыл тазалығына барынша көңіл бөлу керек.

Ауыл тазалығы – баршаға ортақ іс. Әрбір тұрғын осыны қаперінде ұстап, ауылдың, қоршаған ортаның тазалығына барынша атсалысса, ауылдың одан әрі көркейе түсуіне септігін тигізері анық.

Қарасу ауылында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, көгалдандыру және абаттандыру мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, бұл бағыттағы жұмыстар жыл сайын тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Айталық, жуырда аудан орталығында қоқысты бөліп салуға арналған 8 алаң пайда болды. Бұл алаңдар екі қабатты үйлер көп шоғырланған мекен-жайларға орнатылды. Алаңдарды салуға бөлінген қаржы көлемі – 2 млн 800 мың теңге

– Қазір қоқысты бөлек жинау – заман талабы. Біз бұны әдетке айналдыруымыз керек. Ауылды таза ұстау жұмыстарын тәртіпке келтіру – басты назарда, – дейді Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары Алексей Курманов.

Енді алаңдардың ішіне контейнерлерді орнату және алдағы уақытта қоқысты шығару жұмыстарымен «Қарасу – Партнер» ЖК айналысатын болады. Шамамен 40 жуық контейнер орнату жоспарланып отыр.

Жалпы бәріміздің көрікті де таза жерде тұрғымыз келеді. Өйткені кез-келген жердің тазалық көрсеткiшi сол жерді мекендейтін тұрғындардың мәдени деңгейiн көрсетедi. Бұл, әрине, өзіміз өмір сүріп жатқан қоршаған ортаны таза ұстау үшін жасалып жатқан жұмыстар. Ендеше, тазалық жұмыстарына дәрменсіздік танытпай, әрдайым жауапкершілікпен қарайық, ағайын!

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.