1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Елбасының атын мәңгі сақтау үшін Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасады.
«Біз, қазіргі және келешек ұрпақ өкілдері, Елбасының саяси мұрасын жадымыздан шығармай, қадір тұтып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи еңбегіне лайықты құрмет көрсетуіміз қажет.
Елбасының халқымызға және әлем қауымдастығына сіңірген ерен еңбегі мен ұлы есімін мәңгі есте сақтауымыз керек. Бұл халқымызды, әсіресе, жастарды тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеп, Елбасының даңқты қызметін әділ бағалау үшін маңызды. Ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атын келесідей түрде есте қалдыру қажет деп санайын. Елордамыз оның атын иемденіп, Нұр-Сұлтан деп аталуы тиіс. Мұндай ұсыныс бұған дейін 2016 жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай парламентарийлер қабылданған декларацияда айтылған еді, – деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осынау аталуы мереке қарсаңында Қарасу аудандық «Достық» мәдениет үйі тұңғыш рет балалар арасында суртет салудан байқау жариялаған болатын. Аудандағы болашақ қылқалам шеберлерін бір аранаға тоғыстырған аталмыш байқау «Сүйікті қалам – Астана!» деп аталып, онлайын түрінде өткенін айта кеткен жөн.
«Байқауға 9 адам қатысты. Қатысушылардың жұмыстары 1 шілдеде Instagram бетінде жарияланды, қорытындысы 6 шілдеде шығарылды. Конкурсқа қатысушыларды атап өтер болсам олар : Вячеслав Якимец Қараман ауылы, Ульяна Крылова 6 жаста, Эвелина Барамбаева 7 жаста, Дарья Панфилова 5 жаста, Дарья Слабуш 10 жаста Корниловка ауылы, Полина Андрющенко 7 жаста Жалғысқан аулы, Лидия Широкая 8 жаста Амангелді ауылы, Карина Федорова 9 жаста Новоселовка ауылы, Матвиенко Сережа 7 жаста Люблин ауылы.
Бұл байқау әлеуметтік желіде өткен соң жас өрендердің жұмыстырын оқырмандар бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Лайков санау қорытындысы бойынша Карина Федорова жеңімпаз атанды» , – дейді жоғарыда аталған мәдениет үйінің директоры Айна Тикенова.
Осы орайда ерекше тоқтала кетре жайт, сайысқа қатысқан әрбір жас балғын марапатсыз қалмапты. Оларға байқауды ұйымдастырушылар тірлі сыйлықтарды тарту етті.
Расында, қарап отырсақ қазіргі еліміздегі қиын жағдайда балалар үшін осындай жазғы демалыстарын тиімді пайлануға мүмкіндік беретін байқаулар керек болатын. Сондықтан осындай игі бастамалар алдағы уақытта жалғаысын табатынына сенімдіміз.
Мешіт Ғазизұлы
Суретті түсірген «Достық»мәдниет үйі
Он проходил в Рудном (далее…)
Белгілі саясаттанушы Досмахамбет Көшім Қарасу ауданына келіп, ономастика саласына енгізілген соңғы өзгерістер туралы түсіндірді (далее…)
Елімізде жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Қазақтың төл аспабын дәріптеуге…
Начато строительство системы водоснабжения в селе Павловское Жамбылского сельского округа. (далее…)
В очередной раз карасуляне отличились в мини-футболе, продемонстрировав технически грамотную игру и сыгранность членов команды,…
Семинар-тренинг прошёл в городе Косшы Акмолинской области, куда съехались представители Молодёжных ресурсных центров из всех…
This website uses cookies.