Қарасу және Қараман орта мектептерінің хоккей командалары өзара күш сынасты

Өңірде бұқаралық спорттың дамуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Өткен жылы ауданның 80 жылдық мерейтойына орай Қарасуда жабық хоккей корты пайдалануға берілген болатын. Қазір бұл нысан шайбалы хоккейден жарыстар өткізіп, коньки тебушілердің жиі келетін орнына айналды.

Жақында аталған хоккей алаңында дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңа жыл мерекесіне орай шайбалы хоккейден мектепаралық турнир болып өтті. Сайыста Қарасу және Қараман орта мектептерінің командалары өзара күш сынасты. Тартысты өткен ойын нәтижесінде қарамандықтар 2:12 есебімен жеңіске жетті.

Турнир соңында жас хоккейшілер медаль, мадақтама қағаздарымен, жеңімпаз команда кубокпен марапатталды.

-Ауданымызда шайбалы хоккей біртіндеп дамып келеді. Оған қолайлы жағдай туғызылып отыр. Соның арқасында осындай турнирлер өткізіліп жатыр. Бұның бәрі бұқаралық спорттың дамуына және тұрғындардың денсаулығын нығайтуға оң ықпалын тигізері анық, – дейді дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Саутпаев.

Қарасуда хоккейден жарыстар өткізу жақсы бір үрдіске айналған. Бұл халықтың қысқы спорт ойындарына деген қызығушылығын арттырып, бос уақыттарын тиімді өткізуге тамаша мүмкіндік.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттер автордікі

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

3 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

3 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

1 неделя ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.