Облыс орталығындағы Жастар сарайында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының шығармашылық зиалы қауым өкілдерімен кездесуі және 2019 жылы халықаралық, республикалық байқауларда жеңімпаз атанған өнерпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Жиын барысында мәдениет пен өнер саласының ардагерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және еңбек қызметіндегі үздік нәтижелері үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Ал, жас өнерпаздарға Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының алғыс хаты және ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Марапатқа ие болғандар қатарында жерлесіміз, қарасулық жас әнші Аялан Мұқанов та болды.
Аялан сахнаға шығып, өнерге келгелі бері аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Жас та болса, оның өнерге деген талпынысы мен сүйіспеншілігіне қайран қаласың! Әлі талай додаларда биік белестерден көрініп, ауданымыздың мерейін үстем етеріне сенімдіміз.
Жаңабай АХМЕТОВ
В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)
В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)
Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)
В районе стартовал отопительный сезон. (далее…)
Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…
Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…
This website uses cookies.