Categories: Новости

Жерлестеріміз жекелей-командалық біріншілікте жүлделі үшінші орынды иеленді

Соңғы жылдары елімізде туризм саласын дамытуға аса мән берілуде. Бүгінде өңірде туризмді дамытудың мүмкіндіктері мол, бұл бағытта нәтижелі жұмыстар да жүзеге асырылуда.

Жуырда облыстық білім басқармасының дене шынықтыру және балалар мен жасөспірімдер туризмі аймақтық орталығы және облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Алтынсарин ауданының «Алтын гүл» лагерінде «Европа-Азия» атты жастардың екінші аймақтық туристік фестивалі өтті. Оған Қостанай, Түркістан облыстары және РФ Челябинск облысының командалар қатысты.

Шараның басты мақсаты – жастар туризмін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол ашу және туризм тәсілдері арқылы денсаулықтарын нығайту.

Аталмыш шараға аудан атынан Ключевой орта мектебі мен Железнодорожный орта мектебінің біріккен скаут құрма командасы қатысып қайтқан болатын. Команданың құрамында болғандар: Арман Кинжебаев (Ключевой орта мектебі), Жамбул Жубаев (Ключевой орта мектебі), Павел Волгин (Ключевой орта мектебі), Владимир Баранов (Ключевой орта мектебі), Диана Ускенова (Железнодорожный орта мектебі), Александр Быстряков (Железнодорожный орта мектебі), Валерия Тиклюк (Железнодорожный орта мектебі), Богдан Щербаков (Железнодорожный орта мектебі), Артем Савчиц (Железнодорожный орта мектебі), Кирилл Гордеев (Железнодорожный орта мектебі).

Фестиваль спорттық-туристік жарыс түрінде өтті. Фестиваль бағдарламасына сай командалар шатыр орнату және жинау, аспалы өткелден өту, жарақаттанған адамды жедел бір орыннан екінші жерге жеткізу және оған алғашқы көмек көрсету, далалық тапсырмаларды орындау, оқыс жағдайда шұғыл шешім қабылдау, өткелден өту, далада ас әзірлеу, медициналық көмек көрсету және басқа да қиындықтарды еңсеру бойынша сындардан өтті.

Сайыстың әр кезеңі де тартысты өтіп, қызықты сәттерге толы болды.

Жарыс барысында әр команда өз деңгейлерінің жоғары екендерін, қандай сынақтардан да сүрінбей өте алатындарын, өздеріне сенімді екендерін дәлелдей алды.

Қорытынды бойынша жекелей-командалық біріншілікте Қарасу ауданының командасы жүлделі үшінші орынға ие болды.

Айта кетерлігі, сайыс барысында тапсырмаларды орындау Железнодорожный орта мектебінің «Хаски» жасағына жүктелді. Өйткені бұл жасақтың туризм саласындағы тәжірибелері аз. Сондықтан оларға өздерін көрсетуге мүмкіндік берілді. Ал, Ключевой орта мектебінің «Полюс» жасағының тәжірибелі туристері тәлімгер ретінде қатысты.

Жалпы «Полюс» және «Хаски» жасақтары шетелдік делегация тарапынан ерекше назарға ілікті.

Шараны ұйымдастырушылар, жастардың басын қосқан бұл фестивальдің берері мол екенін алға тартады.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттерді ұсынған Ключевой орта мектебінің директоры Хамит Ғабдулин

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

1 день ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

2 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.