Ключевой орта мектебінің мұғалімі Мейрамкүл Карбузова «Үздік педагог-2019» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

Жыл сайын білім саласына көптеген тың өзгерістер енгізіліп, болашақ ұрпақтың білім мен тәрбие ісіне үлкен көңіл бөлініп келеді. Әрине, қандай адам болмасын, ұстаздан білім, тәлім-тәрбие алып өседі. Сондықтан да мемлекет тарапынан педагогтардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға барынша мән берілуде.

Елімізде «Үздік педагог» республикалық байқауын өткізу жыл сайын дәстүрге айналған айтулы шараның бірі. Аталған байқау биыл да өз жалғасын тапты.

Мұғалімдердің мәртебесін көтеру, кәсіби шеберлігін дамыту және педагогикалық тәжірибесін арттыру мақсатында өткен байқауға біздің ауданнан екі мұғалім қатысқан болатын. Соның бірі, Ключевой орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейрамкүл Тұяққызы Карбузова аталмыш байқауда ауданымыздың намысын жоғары деңгейде қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша Мейрамкүл Тұяққызы бірінші орын алып, «Үздік педагог» атағына ие болды. Осылайша өскелең ұрпақтың санасына білімнің, мейірімділіктің дәнін сіңіріп, талмай еңбек етіп жүрген аудан, облыс педагогтарының мәртебесін асқақтатып, ҚР білім беру саласының үздігі атанды.

Мейрамкүл Тұяққызы ұстаз ретінде үнемі ізденуді тоқтатпай, өз білімін шыңдап отыратындардың қатарында. Ол жаңа белестерге қол созудан жалықпайтын, қайта  жеңіске жеткен сайын қанаттанып, шабыттанып, жарқын істерге ұмтылатын  жандардың бірі. Білікті педагог бұл жетістікке ең алдымен жұмысына деген адалдығы және сүйіспеншілігінің арқасында жеткенін алға тартады.

«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан қалыптасады», «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші, Мейрамкүл Тұяққызының шәкірттері түрлі байқаулар мен сайыстарға, пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Әрдайым оқушыларын бүгінгі заманауи біліммен қаруландырып, жаңа өмірге жан-жақты бейімделген тәрбиелі де саналы ұрпақ болып шығуына ықпал етіп келеді.

Міне, Мейрамкүл Тұяққызының бұл жетістігі мерейімізді асырды. Бұның бәрі ауданымыз, облысымыз үшін үлкен мақтаныш, әрі абырой.

Мейрамкүл Тұяққызын жеңісімен құттықтай отырып, жұмысына шығармашылық табыс, дарынды-талантты шәкірттерінің қатары көбейіп, қажырлы еңбегіңіз жана берсін демекпіз.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суретті ұсынған білім беру бөлімі

Редактор

Recent Posts

Қарасу ауданының командасы облыстық жазғы спартакиадасында оқ атудан чемпион атанды

Жуырда Қостанай қаласында облыстық XXXIX жазғы спартакиада бағдарламасы аясында оқ атудан жарыс ұйымдастырылды. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданының Жамбыл ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Жуырда Қарасу ауданының Жамбыл ауылында өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. (далее…)

3 дня ago

Қарасу ауданында су айдындарында қауіпсіздік күшейді

Қарасу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, полиция бөлімінің мамандарымен бірлесе рейдтік іс-шаралар…

1 неделя ago

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында жергілікті кәсіпкер туған өлкесіне көмегін беруде

«Железнодорожное – АМФ» ЖШС меморандум аясында 2026 жылы Железнодорожный ауылындағы Горький көшесін  өз қаражаты есебінен…

1 неделя ago

В Карасуском районе подвели итоги районного этапа Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026»

Только за последние 7 лет участие в районном этапе республиканского проекта приняли 16 карасуских семей,…

2 недели ago

Қарасуда сыйластық пен сенімді серік еткен ерекше жанұя тұрады

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің кезекті қатысушысы Досқалиевтар отбасы шынайы махаббат – шекарасы жоқ…

2 недели ago

This website uses cookies.