Ары қазсаңыз Алаш Орда тарихын, бері үңілсеңіз 1986 жылғы оқиғаны санада жаңғыртар желтоқсан айының қазақ үшін орыны бөлек.
Ызғары қанша ықтырса да, тәуелсіз ел атану бақыты да қазақ халқының пешенесіне дәл осы желтоқсанда жазылған екен. Ал Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі – қазақтың үш жүз жылдық азаттық үшін арпалысының жарқын бір көрінісі еді. Желтоқсан көтерілісіне биыл 33 жыл толып отыр.
Сол оқиғаның бел ортасында жүрмеседе оқушы кезеңі осы уақырпен дәл келген жандар Қарасу ауданында баршылық.
Солардың бірі – аудан орталығындағы мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектептің директоры Айгүл Арынғазинаға жолығып пікірін білген едік,
«Мен 1986 жылы Наурызым ауданына қарасты Қарамайшы ауылындағы «Жаңа жол» 8 жылдық мектебінде 7 сыныпта оқыдым. Ол кезде біз жоғары сынып оқушысы едік. Көтеріліске қатысты барлық ақпарат жасырын болды. Тек желтоқсан айының соңына қарай мерізімді баспасөздерде осындай оқиға болды деп ақпарат тарай бастады. Шалғай жатқан ауыл болғандықтан ба ақпарт кеш жетті. Бірақ, мектепте бақылау күшейтілді. Себебі, бұл елді мекенде барлығы қазақ отбасылары тұратын. Жалғыз орыс қана болды. Ең сорақысы бізге сол кездегі газеттер арқылы жеткен ақпараттарда алаңға шыққан жастарды нашақор, маскүнем қазақ жастары бүлік шыңарды деп жеткізді» , – дейді Айгүл Танатқызы.
Міне қарап отырсаңыздар шалғай ауылдарға Алматыдағы қанды қырғын жайында ақпарттың дер уаытанда емес уақыт оздырып барып жетуі. Сол кездегі билік басындағылар алаңға шыққан жастарды бүлікшілер деп көрсетуі еді.
«Шындықты кейін 8 сыныпты бітіріп, Арқалық қаласындағы №1 мектепте білімімді жалғастырғанда ғана барып білдім. Осы уақыттан бастап Желтоқсан оқиғасына нақты баға беріліп, нақты деректерге қанықтық. Ұстаздар желтоқсан жайында шындықты айтқанда денеміз түршікті. Ал, біздің неге сіздер алаңға шыққан жастарды бүлікші топ деп көрсетіңіздер деп сұрағанымызда. Сол кездегі саясаттың солай айтуына мәжбұрлегенін жеткізді» , -дейді кейіпкеріміз.
Сол кездегі биліктің сорақы саясаты мен сақтанғаны соншалық әрбір білім ордасы мен мекемелерде кезекшілік ұйымдастырлып, қазақ жастарын ешқайда жібермей интернаттар мен жатаханаларды ұстап отырыпты. Нақты шындық тек 80 жылдардың соңында биік мүмберлерден айтылды. Оынң дәлелін кейіпкерімізде растайды.
«1992 жылдары педагогикалық институтқа оқуға түскен жылдары бір үлкен конференция ұйымдастырдық. Сол басқосу барысында Желтоқсан оқиғасына байланысты нақты деректер кездестірдім. Жанат Башарина деген ұстазымыз сол кезде 5 курс студенті екен. Алматыда ҚазПИ – дің соңғы курсының студенті болыпты. Өзі топ жетекшісі болған. Ұстазымыз жастар айтқан соң алаңға барып, көрмек болыпты. Алаңға жете бере оларды сумен атқылап, жендеттер іздеріне түсіпті. Содан қашып келе жатып шалып құлаған. Артында келе жатқан қазақ жігіттері орынан тұрғызып, қашып құтылыпты. Артынан ұстазымыз қудалауға түсіп, оқудан шығып қала жаздағанда группасы алып қалыпты. Барлық топтың студенттері жетекшіні оқудан шығарсаңдар бізде кетеміз деп алып қалыпты»,- дейді Айгүл Танатқызы.
Міне, бұл бір ғана куәгердің оқиғасы ғана. Ал ел еркіндігі үшін тағдыры мен бар өмірін қиған қаншама жастар әлі құпия болып тарих қатпарында жасырып жатыр. Бағалай білсек Енемендік сол күні алаңға шыққан жастардың аққан қанымен, көз жасымен келгенін естен шығамайық. Осы Тәуелсіздік жолында қаншама арыстарымыз шейт болды.
Бүгінде дамуың дара жолына түскен еліміздің ертеңі жарқын болсын. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.
Мешіт Ғазизұлы
Свою карьеру он начинал именно в Карасуском районе (далее…)
В рамках государственной программы реализованы сразу несколько значимых проектов (далее…)
В регионе прошёл XXXVII областной фестиваль-конкурс народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!» (далее…)
Между райцентром и близлежащим селом опять ходит рейсовый автобус. (далее…)
Сельхозформирования Костанайского региона официально завершили уборку зерновых культур. (далее…)
В библиотечной гостиной прошла встреча ветеранов спорта и младой спортивной поросли. (далее…)
This website uses cookies.