Карасу ауданының Жалғысқан ауылында үш көшенің жолы жөнделді

Жалғысқан ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасымен Юбилейная, Павлов, Рабочая көшелеріндегі авткөлік жолдары жөнделді. Бұл игі іс – ауылда басталған  алғашқы ауқымды жоба екенін ерекше атап өткен жөн.

Аталған көшелердің асфальттары сонау 1978 жылы төселген. Содан бері арада талай заман өтті. Отыз жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген  көшелер биыл қалыпқа келтірілді. Юбилейная көшесінің ұзындығы 0,325 км, Павлов көшесінің ұзындығы 1,89 км, ал Рабочая көшесі 0,717 шақырымға созылып жатыр. Жауын-шашын мүжіп, техника таптаған жолдың тозығы жетіп, асфальты әбден ескірген еді. Биыл мемлекеттік бағдарлама арқылы 218,8 млн теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары қолға алынды.

– Біз бұл жаңалықты көптен күттік. Жөндеу жұмыстарының арқасында Юбелейная көшесіндегі орталық алаң жаңарып қалды. Бұдан кейін барлық мерекелік іс-шаралар сол жерде өтетін болады. Павлов көшесінде Жалғысқан жалпы білім беретін мектебі орналасқан. «Көшелерді орташа жөндеу» жобасының жүзеге асуы арқылы мектеп маңайындағы инфрақұрылым жақсарып, оқушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Мектеп жанынан үлкен көлік тұрағы жасалып, жол бойына ескерту белгілері мен жасанды кедергілер орнатылды. Жаңартылған жолдар тұрғындар үшін жайлылық пен қозғалыс қауіпсіздігін арттырады,-деді Жалғысқан ауылының әкімі Ирина Лебухова.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді жолдаған Ирина Лебухова.

Редактор

Recent Posts

Глава района успешно совмещает работу со спортивным увлечением

Аким Карасуского района Кайрат Оспанов стал серебряным призёром чемпионата мира по профессиональному джиу-джитсу. (далее…)

10 часов ago

Қарасулық педиатр кішкентай пациенттердің шынайы жанашыры

Қарасу аудандық ауруханасының педиатры Айсұлу Яковлева кішкентай пациенттердің қамқоршысына айналған жан. (далее…)

2 дня ago

В Карасу состоялись соревнования на призы семьи Якимовых

Традиционное состязательное мероприятие в 16 раз собрало любителей древней интеллектуальной игры из всех сёл Карасуского…

6 дней ago

Жители Карасуского района активно участвуют в республиканском марафоне чтения

Проект «Читающая нация» направлен на повышение читательской активности населения, популяризацию отечественной и мировой литературы, а…

7 дней ago

Қарасудың Октябрь ауылында ақылды датчиктер орнатылуда

Қазір жер-жерде жылыту маусымы басталған мезгіл. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.