«Жасыл ел» жасағы ауылды көріктендіру – абаттандыру ісіне үлес қосуда

Қарасуда «Жасыл ел» жасағы жұмыс істеп, ауыл аумағындағы қоғамдық орындар мен көшелерді көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарына жұмылдырылып жатыр.

Үш кезеңді қамтитын еңбек жасағы қазір екінші маусымды бастап кеткелі біршама уақыт болды. Ауылды таза әрі көрікті ету жолында еңбек етіп жатқан жастар күн ұзаққа тыным таппай, еңбек көрігін қыздыруда. Маңдай терімен ақша тапқысы келген жастардың еңбекқорлығы, еңбекке деген ниеті мен құлшынысы көңіл көншітерлік.

Сондай жастардың бірі – Иван Жмура. Жазғы демалыста бос отырғаннан, жұмыс істеуді дұрыс деп ойлаған ол «Жасыл ел» жасағының жұмысына бірінші маусымнан бастап кіріскен екен.

Алғашқы маусымнан бастап өзінің еңбек сүйгіштігімен көзге түсе білген Иванды екінші маусымға да қалдырыпты. Негізі, әр маусым сайын еңбек жасағы жаңарып отырады.

Иван Қарасу орта мектебінің түлегі. Бүгінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 2-курс студенті. Болашақта электр-энергетік мамандығы бойынша білім алып шығатын ол «Жасыл ел» бағдарламасы жастар үшін тиімді, әрі пайдалы екенін алға тартады.

Мемлекет тарапынан қолға алынған «Жасыл ел» бағдарламасын толығымен қолдаймын. Жазғы демалысты босқа өткізбей, еңбек жасағына қосылып, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға мүмкіндік мол. Адал еңбегіңмен пайда тауып, бір жағынан, қоршаған ортаның тазалығына да өз септігіңді тигізесің. Мен бұл жасақта екінші жыл қатарынан жұмыс істеп жатырмын. Жұмысқа әбден төселіп алдық. Күннің ыстығы аз да болсын жайсыздық туғызып тұрғаны болмаса, жұмыс ауыр емес. Оқуыма ноутбук қажет. Тапқан табысымды соған жинап жатырмын, – дейді Иван.

Ауылды көркейту ісінде «жасыл елдіктердің» алар орны орасан зор. Олар ел игілігі үшін ілкімді істің ұйтқысы болуда.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суретте: Иван Жмура

Сурет автордікі

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.