Арнайы рейд барысында карантин мен локдаун кезінде заң бұзғандар саламқты айыппұл арқалады
Қарасу ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторинг тобы кезекті рейдінде карантин талабын бұзушыларды әшкереледі. Топ құрамында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды.
Үстіміздегі жылдың 18-19 шілдесі аралығында рейдтік іс-шараларды өткізу барысында мониторинг тобы аудандағы азық-түлік емес тауарларды сататын сауда объектілерінде локдаун тәртібін бұзғандар анықталды
Олар осылайша Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының 17.07.2020 жылғы «Шектеу шараларын күшейту туралы» № 39 қаулысын бұзып отыр.
«Қарасу аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы тәртіп бұзушылықтар анықталған жерде тексеру актілері негізінде ҚР ӘҚБК 425-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырды,
Енді қатаң тәртіпке бағынбаған жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды.
«Сондықтан қарасулықтардың назарына тағы бір рет салғымыз келеді. Карантин мен локдаун кезінде шектеулерді бұзу халықтың өміріне қатер төндіретін орны толмас салдарға әкеп соқтыруы мүмкін, сондай-ақ, ондайлар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында барлық меншік нысанындағы объектілерде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № 78/2020 бұйрығымен бекітілген коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің туындауының алдын алу бойынша эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар мен санитариялық қағидаларына сәйкес жұмыс алгоритмдерін қатаң сақтау қажет.
Жауапты болыңыз, өзіңізді және жақындарыңыздың өмірін сақтаңыз»,- дейді «Қарасу аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушы Дүйсенбай Аппазов.
Мешіт Ғазизұлы
В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)
В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)
Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)
В районе стартовал отопительный сезон. (далее…)
Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…
Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…
This website uses cookies.