Қыстың қамын жаз ойлаған…

Міне, қоңыр күз де бел ортасынан асты. Қыстың да ауылы алыс емес.

Қазір қысқа дайындық күшейтіліп жатыр. Қамданған қапы қалмайды. Сондықтан жылыу беру маусымына дайындық сапалы болуы тиіс.

Биыл аудандағы әлеуметтік нысандарға жылу беру 26 қыркүйектен басталды. Қазір өңірдегі барлық нысандар жылу беру жүйесіне қосылды.

Биыл әлеуметтік нысандардың алдағы жылу беру маусымына әзірлігі ерте көктемнен басталған болатын. Қаһарлы қыстан қысылмай шығуды алдын ала қамдаған жауапты мекемелер жылыту маусымын тыңғылықты дайындықпен бастады.

Қысқа дайындық дегенде, бірден көмір түсіріп алуды ойлаймыз. Өйткені аудан халқы күн суытса, үйлерін көмірмен жылытады. Сондықтан қатты отынға тәуелдіміз.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, биыл ауданға қажетті көмір шамамен 33,99 мың тоннаны құрап отыр. Оның 19,0 мың тоннасы жергілікті тұрғындарға, 8,699 мың тонна бюджеттік мекемелерге, 5,7 мың тоннасы басқа да кәсіпорындарға қарастырылған.

Ауданда көмір саудасымен айналысатын Қойбағар отын учаскесінде «Шұбаркөл» көмірінің 1 тоннасы 16 000 теңгеден, «Богатырь» көмірінің 1 тоннасы 11 000 теңгеден сатылуда. Қатты отын көлемі халықтың сұранысын қанағаттандыруға толық жеткілікті. Алдағы уақытта аудан тұрғындарына жеткілікті мөлшерде көмір жеткізіліп тұрады.

Қарасу ауылының тұрғыны Сергей Егоров қысқа ерте бастан дайындалады. Бүгінгі күнге дейін алдағы аязды күндерге шамасына қарай қамданып үлгеріпті.

– Жылдағы әдет бойынша қысқа дайындықты ерте бастаймын. Бәрін өз күшіммен істеймін. Үйдің жылы болуы өзімізге байланысты ғой. Үйдің иесі қандай болса, үй де сондай. Сондықтан аязды күндерге ерте дайындалып, сақадай сай болған жөн, – дейді кейіпкеріміз.

Сергей Егоров қысқа дайындық жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қыстың қамын жаз ойлайтын ол келер қысқа дайындалуға маусым айынан бастап кіріскен екен. Алдымен үйдің ішіндегі пештің түтін шығатын мұржасын тазартып, жылу желілеріне ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, 2 текше метр қайың ағаш сатып алыпты.

– Ағаштарды майдалап жарып, сосын күннің көзіне кептіріп, әбден кепкен соң қорға жинап алдым. Осы ағаш қысқа артығымен жетеді. 6 тоннадан артық шұбаркөл көмірін түсіріп алдым. Көмір сапалы. Осы отын қыстан қымтырылмай шығуыма жетеді, – дейді Сергей Егоров.

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.