Игілікті іс – көпке ортақ

Қарасу ауданындағы Октябрь, Шолақашы және Железнодорожный ауылдары бір-біріне іргелес орналасқан. Осы елді мекендердің тұрғындары бірлесіп, жаңа зират ашты

Бұл игі іс тұрғындардың ауызбіршілігінің арқасында жүзеге асты. «Көп көтерген жүк жеңіл» дейді. Зиратты қоршауға арналған материалдар мен басқа да қажетті жабдықтарды сатып алу үшін әр үйден 5 мың теңгеден қаржы жиналды. Жиналған қаржының сомасы 1 млн теңгеге жетті.

Жаңа зираттың аумағы 300 кв.метрді құрайды. Жалпы жерлеу аумағын қоршау жұмыстары тұрғындардың күшімен атқарылды. Сапар Хамзин, Нұртас Жәнібеков және Кежеболат Айтенов ортақ істің басы-қасында жүріп, барлық жұмыстарға белсене атсалысты.

– Зиратты қоршау арналған материалдарды «Олжа-Агро» ЖШС басышысы Берік Сағынбекұлы қаладан тегін әкеп берді. Дуалдарды балқытып пісіру жұмыстарына Максим Артемук және Анатолий Мялиннің көмегі зор болды. Игі іске барынша үлес қосуды мақсат еткен Батырхан Ахметов және Мағзұм Ерғалиев 50 мың теңгеден қаржы берді. Ортақ іске жұмылған барлық жандарға алғысымыз шексіз, – дейді «Қарамырза» мешітінің имамы Серік қажы Салих.

Айта кетерлігі, жаңа зиратқа мәйіт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жерлеу рәсімі және облыс орталығында өткен «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» конференциясының шешіміне сәйкес жерленеді. Бейіттің басына қойылатын көктастың бейіктігі – 1 метр, ені 50 см. Көктасқа ай бейнесі ойып салынады, руы, аты-жөні толық, туған және қайтыс болған күні, айы, жылы жазылады.

«Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді. Осылайша «Бір жағдан бас, бір жеңнен қол» шығара білген халық ортақ мүддеге жұмылып, көпке үлгі боларлықтай істі атқара білді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттерді ұсынған «Қарамырза» мешітінің имамы Серік қажы Салих

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.