Табысқа жетелген «Талды К» ЖШС Аталмыш ұжым ауданың ғана емес ауданың мақтанышы болып отыр

Жақсы жаңалықты ести салысымызбен асыққан көлігіміз Қойбағар ауылына бет алды. Басты меже аңсарымыз ауған ауылдағы «Талды К» ЖШС тыныс тіршілігімен танысу. Аудандағы алдыңғы қатардағы егін жіне мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС-тің бұл күндегі қадамы көңіл қуантады.

Барған беттен бел жазбанған шаруаның тыныс-тіршілігіне куә болдық. Жер төсін емген.диқанның өзі күтіп-баптаған егістік алқабына мейірімі төгілмесе бір бөлек дүние. Даланы дарқан деп жатамыз.

Əлбетте, əсірелеуден бөлек. Ашық қол берегендігіне бола. Сол берегендіктің өз бедері болса керек. Жердің қыртысы мен құнарын құр қопарғанмен болмайды. Қодар күшің құры алақан қалдырады. Қарыныңды тойдырмайды, мейіріңді қандырмайды. Ала жаздай бекерге ала өкпе боларсың. Демек, шаруаға ең керегі Жер-Анаға мейірімді ыстық ықыласы. Анау-мынау деп төс қақпайтын, кеудесін босқа сабаламайтын.

Шаруаның қамы шаш-етектен. Жерге дəн сепкеннен, қылтиған көк өскінді баладай мəпелегеннен. Қашан қалың өнімге қолы жеткенше, көңілі орынына түскенше көңілі жай таппайтыны жасырын емес.

Қиыншылықтар бар шығар? – дейміз. Қағілез шаруаның бірі сөзге есесін жібермейтінін байқатқысы келгендей: – Қиындықсыз өмірдің несі қызық? Əрине, баршылық. Біз соларды жеңеміз деп кетпен ұстап жүрген жоқпыз ба, – деді жұлып алғандай. Мəз-мəйрам күлістік.

Əлбетте, шаруа баласының орынды уəжіне, ұтымды һəм ұстамды жауабына. Шалымы мен ширақтығына. Шаршау білмейтін қажырына іштей қуанып қалдық. Əңгіменің шырайы кірді, осылай кілті табылды. Шаруа ағайынның дені мосқал тартқан.

Заманында қалаға қоныс аударып, жылы жаққа қанат қағып кетпегендер. Ауылдың тартылыс күшін жан-тəнімен, даңғыл ділімен тереңнен түсінгендер. Қындықтың бəріне үн-түнсіз шыдаған, иығымен көтеріп алған ауыл қайсарлары. Ұзақ жылдар бойы қиындыққа қасқайып төтеп бергендер.

“Жастар ауылға қайрылмай бара жатыр. Бас салып оларды қаралаудан аулақпыз. Дегенмен осы жағы көбірек ойландырады.

Əрине, ауылда жұмыс жоқ, көсіп-көсіп айлық төлейтін. Мұны түсінеміз ғой. Ауылда жұмыс жоқ емес бар, бірақ оның бейнеті ауыр, қиын деп қашып кететін болмаса.

Шаруамыз дөңгеленіп келеді. Біреуден ілгеріміз, біреуден кейінбіз дегендей. Жата-жастанып өзіміз зəру жаңа техникаға жыл сайын қол жеткізудеміз. Мысалы биылдың өзінде заман талабына сай 11 егін жинау кеші мен John Deere. Комбайндерінсатып алдық. Қазіргі таңда егін орағын толық аяқтап, өз мақсаттарымызға жеттік деп ойлаймыз»,- дейді «Талды К» ЖШС директоры Пернебек Ертаев.

Аудан аумағында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіке қол жеткізіп отырған аталмыш ЖШС-нің мақсаты көп. Солардың ең бастысы майлы дақылдар егетін алқаптардың ауқымын ауртыру.

«Біз аудан аумағында бірінші болып осы майлы дақылдарды өсіруді қолға алғанбыз. Нәтиже жаман емес. Өнім көлеміде жыл сайын артып келеді. Бұл дақылдарға нарықта сұраныс жоғары. Осымен 3 жыл қатарына сеуіп, өнім алып отырмыз.

Облыстың оңтүстігі осы дақылдарды өсіруге өте қолайлы», – дейді бізбен әңгімелесу барысында Пернебек Қуанышбекұлы.

«Талды К» ЖШС тек қана егін егумен ғана емес мал басын көбейтуге де ден қойғаны көңіл қуантарлық. Қазіргі таңда 180 ге жуық құлындайтын қамбар ата тұқымын бағып отыр. Осынау кәсіптерді қатар алып жүруге мемлекеттен берілетін көметтің пайдасы зор болып отыр.

Мысалы, «Талды К» ЖШС егінге қажетті жерді тыңайту гербицидтері мен лизинг бойынша берілетін субсидияларға эелектронды түрде тапсырыс беріп, алу жақсы пайдасын әкелуде. Оның сыртында жеңілдетілген бағамен берілетін жанар майда диқандарға айтарлықтай көмекболуда.

«Біз биылғы жылы 30 мың гегтар жерге жерге егін ектік. Оның сыртында 35 мыңдай гегтар жер келер жылға дайын тұр. Мал асырап отырған соң шабындық деген бар.

Ауыл тұрғындарының да жағдайын ойлау керек. Оның сыртында 124 адамды тұрақты жұмыспен қанымдап отырмыз.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне барша диқандарға тілерім келер жыл табысты болсын. Осы жыл біздің төзімімізді тексерген жыл болды. Келер жылы үздік нәижеге қол жеткізейік», – деді әегімесінің соңында Пернебек Қуанышұлы.

Таңы бір тоқла кетре жағдай, алмыш ЖШС өз қызметкерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастыруға көңіл бөлетіні. Оғам мысал, аудан орталығында дәстірлі түрде өтетін ауылшарушылық қызметкерлңрінің спортикадасында аталмыш ұжым талай мәрте топ жарып, үздіктер қатарынан көрінуі. Бәр сөзбен айтқанда ауылдық жерде толғай табасытаға қол жеткізіп отырған ұжымның алар асуы көп. Біз де олардың тынымсыз тіршілігіне табыс тілейміз

Редактор

Recent Posts

Весенние полевые работы в Карасуском районе идут полным ходом

Благоприятные погодные условия позволили местным сельхозникам начать сезонную деятельность по графику. (далее…)

1 день ago

Улыбнись, все будет хорошо. Или о том, как в Ильячевской школе создают бесконфликтную среду

Медиатор, психолог и юрист общественного фонда «Жанашыр бол» провели встречу в Ильячевской школе Карасуского района…

2 дня ago

Известный семейный психолог в День семьи встретилась с разновозрастной карасуской аудиторией

Темой встречи специалист с 10-летним профессиональным стажем Людмила Должикова обозначила самую злободневную причину разладов в…

2 дня ago

В Карасуском районе представили нового главу

Распоряжением акима Костанайской области от 15 мая 2024 года по согласованию с Администрацией Президента РК…

3 дня ago

На территории Карасуского района продолжает действовать режим чрезвычайной ситуации природного характера

Напомним, введён он 5 апреля из-за гидроопасности от талых вод и разлива местных водоёмов. (далее…)

3 дня ago

Глава крупного агрохолдинга выступил инициатором видоизменения духовного центра села Карасу

С таким обращением руководитель ТОО «Карасу-Астык» Алмат Турсунов выступил на недавно прошедшем совещании, где в…

4 дня ago

This website uses cookies.