«Тіл – ел жүрегі»

Дәл осындай атаумен тілдерді оқыту орталығында дөңгелек үстел өткізілді

Қарасу қоғамдық келісім кеңесінің мұрындық болуымен тілдерді оқыту орталығында Қазақстан халқы тілдері күнініне орай ZOOM платформасы  арқылы «Тіл – ел жүрегі» атты онлайн дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға жастар ресурстық орталығы, «Достық» аудандық мәдениет үйі, аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері, Октябрь ауылының татар-башқұрт секциясы және Әулиекөл аудандық тілдерді оқыту орталығы қызметкерлері қатысты.

Шараның бірден-бір ерекшелігі, қатысушылар әр түрлі ұлт өкілдерінен құралды.

Дөңгелек үстел барысында өңірде мемлекеттік тілдің даму деңгейі қандай? Қазақ тілін оқып, үйрену үшін қандай мүмкіндіктер жасалған? Тілді  меңгеру үшін қандай тәсілдер қолданып, қызықтыру керек және отбасындағы ана тілінің маңыздылығы мен қажеттілігі. Тілдерді игеру жолында қандай мәселелер туындайды?

Міне, дөңгелек үстелге қатысушылар осы сауалдар төңірегінде сөз қозғап, өзара пікір алмасып, талқыға салды.

Қорыта келгенде, алдағы уақытта қоғамдық келісім кеңесінен жергілікті халықтың арасынан мемлекеттік тілді жетік меңгеруге деген ықыласы бар адамдар болса, оларға көмектесу үшін қандай амал қарастыру керектігін бірігіп шешу туралы ұсыныс түсті. Бұл маңызды шешімді Әулиекөл ауданы тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері де қолдап, енді осы қабылданған шешімнің жүзеге асуына бірігіп жоба жасау керек деген қорытынды шығарылды.

Айта кетерлігі, ҚР Үкіметінің қаулысымен 5 қыркүйек – «Қазақстан Халқы тілдері күні» болып бекітілген. Қазақстан Халқы тілдері күнінің 22 қыркүйектен осы күнге ауыстырылуының үлкен мәні бар. Себебі, 5 қыркүйек – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суретте: іс-шарадан көрініс

Суретті ұсынған тілдерді оқыту орталығы

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.