Октябрьдегі ауқымды істер

Ауылға басшылыққа келген жас әкім  Нұрсұлтан Қарашевтың бастамасымен ілкімді  істер атқарылуда

Ауыл – Қазақ Елінің жүрегі. Темірқазығы. Ауыл – қазақтың қасиетті құт мекені, қайнар көз, алтын бесігі. Киелі қазақ даласы ғасырлар бойы халықтың өзегін талдырмады. Өсіп-өнуіне мүмкіндік берді. Бүгінде өркениетті ел болып, даму жолын қаладан тапқанымызбен, ауылдың алар орны ерекше.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтты. Осы мақсатта Елбасы «Ауыл – ел бесігі» жобасының басталғанын жариялаған еді. «Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет. Осыған байланысты арнайы «Ауыл – ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек. Бұл әкімшіліктердің міндеті», – деді Мемлекет басшысы.

Аталмыш бағдарламаның шарапатын Қарасу ауданының алыста жатқан ауылдарыда көруде. Солардың бірі – бұл күнде іргесі сөгілмей халық мол шоғырланған Отябрь аулы десек қателеспейміз. Жақында аталмын елді мекенге атбасын тіреп, Октябрь ауылдық округінің әкімі Қарашев Нұрсұлтан Сапашұлымен жолғып, болып жатқан тың бастамалды өз көзімізбен көрген болатынбыз.

Нұрсұлтан Сапашұлы жаста болса, ауқымдылығы жағынан ат  шаптырып аумақты алып жатқан ауылды басқаруда аянбай тер төгуде. Соның нәтижесінде жылдар бойы жергілікті тұр,ындардың бас ауруына айналған тожығы жеткен көше жолдары мен ауыз су мәселесі де биылы өз шешімін тауып, тіршілік тамырына қан жүгіріпті.

Ауылға әкім болып отырған жап-жас жігіт Нұрсұлтан Сапашұлымен әңгімелесу барысында оның жергілікті жердің мәселеріне жіті қанық екенін анық аңғардық.

“Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс өресін көтеру үшін қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба аясында ауылдарды дамытуға бағытталған нақты істер қолға алынуда.

Болашағы зор ауылдарды дамыту үшін «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы қаржыландырылады. Осынау игі бастаманың шарапатын біздің ауылда көруде.

Мәселен, 2019 жылы ауылда 3 көшені жөндеуге сметалық құжаттар дайындалды. Осы жылы жоғарыда атлған көшерден горький көшесін жөндеуге  20 млн теңге бөлінді. Ал, Калинина көшесіне 17 млн теңге бөлінді. Жобаны орындап шыққан мердігер «МГАДорСтрой» мекемесі барлық жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтады. Сонымен қатар биыл Железнодорожный ауылындағы Воронеж көшесін жөндеуде тұрғындарды жұмыспен қату жол картасы аясында 6 тұрғын еңбекпен қамтылды. Қазіргі таңда аталмыш көшенің жөндеу жұмыстары да аяқтады. Ондағы мердігер «Арқа-К» мекемесі болып табылады» , – дейді ауыл әкімі  Нұрсұлтан Қарашев.

Расында, Октябрь ауылын жолы түскен әрбәр жан соңғы жылдары адам танымастай өзгерген келбетіне қарап таңғалуға болады. Мұның бәрі ауыл әкімімен жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалдың арқасы деп түсінуге болады. Сонмен қатар жас мамандардың ауылдық жер тұрақтап қалуына да барлық жағдай жасалып отыр.

«Қазіргі таңда ауыл тұрғындарын мазалап жүрген негізгі мәселелердің бірі ауыз су болатын. Биылдан бастап осы саулғада жауап табылғандай. Қазір Октябрь және  Железнодорожный ауылдарына ауыз су желісін тару жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыпен қату жол картасы аясында  Железнодорожный ауылына 37 адам,   Октябрь ауылынан 56 адам жұмыспен қамтылды.

Біздің ауылда өзміздің «Суық су» деп  коммуналдық кәсіпорынымыз бар. Биыл, барлығы жақсы болса Железнодорожный ауылының тұрғындары таза сумен қанымдалады, Ал келер жылы Октябрь ауылына су желісі тартылады. Аталмыш жобаны жүзген асырып жатқан «ФанСтрой» мекемесі», -дейді Нұрсұлтан Сапашұлы.

Мешіт Ғазизұлы

Суретті түсірген автор

Октябрь ауылының көріністері

Редактор

Recent Posts

Весенние полевые работы в Карасуском районе идут полным ходом

Благоприятные погодные условия позволили местным сельхозникам начать сезонную деятельность по графику. (далее…)

2 дня ago

Улыбнись, все будет хорошо. Или о том, как в Ильячевской школе создают бесконфликтную среду

Медиатор, психолог и юрист общественного фонда «Жанашыр бол» провели встречу в Ильячевской школе Карасуского района…

2 дня ago

Известный семейный психолог в День семьи встретилась с разновозрастной карасуской аудиторией

Темой встречи специалист с 10-летним профессиональным стажем Людмила Должикова обозначила самую злободневную причину разладов в…

2 дня ago

В Карасуском районе представили нового главу

Распоряжением акима Костанайской области от 15 мая 2024 года по согласованию с Администрацией Президента РК…

3 дня ago

На территории Карасуского района продолжает действовать режим чрезвычайной ситуации природного характера

Напомним, введён он 5 апреля из-за гидроопасности от талых вод и разлива местных водоёмов. (далее…)

4 дня ago

Глава крупного агрохолдинга выступил инициатором видоизменения духовного центра села Карасу

С таким обращением руководитель ТОО «Карасу-Астык» Алмат Турсунов выступил на недавно прошедшем совещании, где в…

5 дней ago

This website uses cookies.