Психологиялық қолдау – маңызды шара

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуымен «STOP BULLYING» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Біздің болашағымыз – өскелең ұрпақ. Сондықтан бүгінгі жастар үнемі қоғамның назарында болуы тиіс. Олардың қай жағынан болсын жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Өмір тарам-тарам жол іспетті өте күрделі. Соқпағы көп өмірде жұмыр басты пенде түрлі қиындықтарға тап болуы мүмкін. Оны жеңіп шығу үшін, әрине, күш-қайратын, психологиялық тұрғыда мықты болу керек. Сондықтан өскелең ұрпақтың ой-өрісін дамытып, білімді болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, психологиялық жағынан да даярлауды қарастырған жөн.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуымен білім беру бөлімі «Шаңырақ» ҚҚ-мен бірлесе отырып, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге психологиялық қолдаудың жазғы алаңы шеңберінде «STOP BULLYING» тақырыбында семинар-тренин өткізді.

Барлық жұмыстар жасөспірімдер мен ата-аналарға арналған айналым шеңберіндегі тренинг түрінде өткізілді. Психологтар Ольга Кириченко мен Дарья Мельникова зорлық-зомбылық көріністерімен күресу үшін «Зорлық-зомбылықсыз үй» атты тренинг ұйымдастырып өткізді. Тренингтік сабақ барысында оқушылар буллингке қарсы тұру, қиын жағдайда өзін қалай ұстау және көмек алу, жасалған іс-әрекеттер үшін барлық жауапкершілікті сезіну сияқты маңызды кеңестермен танысты. Психологтар балаларға адамдарға мейірімді қарым-қатынас жасау, олармен ортақ тіл табу керектігін түсіндірді.

«Жақсылық сақтау заңдары» тренингін Қазақстан психологтар одағының мүшесі, психолог-кеңесші Татьяна Андреева жүргізді. Балалар стресс туралы практикалық білім алды, өздері стрессті бағалау әдістерімен танысты. Тренингте психоэмоционалдық шиеленісті төмендету тәсілдерін білді, ағзаны өзін-өзі реттеу және уақытты тиімді жоспарлау дағдыларын үйренді. Алынған білім мен дағдылар стресстік жағдайларда тиімді мінез-құлық стратегиясын жасауға және стресстің теріс салдарын еңсеруге көмектеседі.

Луиза Ашаева және Әсел Байбосынова есімді психологтардың балалар үшін өткізген «Өмір бояулары…» атты тренингі жарқын және есте қаларлық болды. Тренинг жасөспірімдерде позитивті өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруға, өзін-өзі тану мен өзін-өзі іске асыруға бағытталған. Жаттығулар балаларға ауырсынудан және психологиялық қысылудан құтылуға көмектесті. Өз қорқынышын түсініп, онымен күресуге, өзіне сенімді болуға үйретті.

«Мен-өмірді таңдаймын!» атты тренингті Наурыз Төлебекова өткізді. Әр түрлі ұлт өкілдерінің рөліндегі ерекше сәлемдесу жасөспірімдерді қоршаған ортаның оң қабылдауына шақырды. Тренинг жаттығулары балаларға өздерінің ішкі мәселелерін түсінуге және оларды шешу жолдарын табуға көмектесті. Қатысушылар өздері туралы көп мәлімет алып, бір-біріне жылы сөздер сыйлады. Тренинг арт-терапияның қызықты элементімен аяқталды. Барлық балалар бірге өздерінің планеталарын салды, оларды бір әлемге біріктірді. Психологтар жасөспірімдердің жаңа өмірлік жағдайларда бейімделуіне қолайлы жағдай жасады, сондай-ақ табысты тұлғаның дамуына ықпал етті.

«Буллинг: кім кінәлі және не істеу керек?» – онлайн кеңес беру кезінде психологтар Қарасу ауданы ІІБ инспекторы, полиция капитаны Зарина Вакарчукпен бірлесіп, «Қауіп тобындағы» балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, компьютерлік тәуелділіктің алдын алу және түзету мәселелерін қарастыру, оқу-алдын алу және ақпараттық-білім беру бағдарламалары мен тәрбие жобаларын енгізу арқылы оқушыларға алдын ала тәрбие беру, медиацияны қолдану арқылы оқушылар ортасында жан-жалдардың алдын алу сынды мәселелерді қарады.

Мамандардың айтуынша, жасөспірімдермен қарым-қатынас кезінде балалар психикасының уақыт өте келе қалай өзгеретінін және балалар психикасын бұзбау үшін ересектерге не істеуге болмайтынын айтты. Жоба аясында ақпараттық материалдар таратылды. Осының арқасында балалар мен ата-аналар буллингтің қандай көріністерін және мұндай жағдайларда қалай әрекет ететінін біледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың психологиялық денсаулығын сақтауға қабілетті және тыныш өмір сүру құқығын қорғауға үйретеді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Карасуские школьники провели новый сезон приключений и познаний

Палаточный стан «Экспедиция» стал ярким досуговым дополнением к уже действующим проектам на базе Железнодорожной школы.…

2 дня ago

Карасуский район стал средоточием для любителей шахматных поединков

Это знаменательное событие проведено по инициативе семьи Турсуновых, которые организовали шахматный турнир как дань памяти…

3 дня ago

Подведены итоги серии районных мероприятий, посвящённых Дню домбры

Напомним, уникальный культпроект стартовал 5 июня во всех городах и районах области. (далее…)

4 дня ago

Члены семьи Танкеновых из села Ленино называют себя командой

Участников республиканского проекта связывают не только родственные узы, но и общее увлечение. (далее…)

4 дня ago

В Карасуском районе ещё одним досуговым местом стало больше

В селе Павловское состоялось открытие спортивно-игровой площадки. (далее…)

5 дней ago

Сразу 6 подучётных Карасуского района попали под амнистию

В районной Службе пробации пояснили, что проведение уголовной и административной амнистии инициировано президентом страны в…

3 недели ago

This website uses cookies.