Тәртіпке бағынбайтындар әлі бар

Арнайы рейд барысында карантин мен локдаун кезінде заң бұзғандар саламқты айыппұл арқалады

Қарасу ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторинг тобы кезекті рейдінде карантин талабын бұзушыларды әшкереледі. Топ құрамында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды.

Үстіміздегі жылдың  18-19 шілдесі аралығында рейдтік іс-шараларды өткізу барысында мониторинг тобы аудандағы азық-түлік емес тауарларды сататын сауда объектілерінде локдаун тәртібін бұзғандар анықталды

Олар осылайша Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының 17.07.2020 жылғы «Шектеу шараларын күшейту туралы»  № 39 қаулысын бұзып отыр.

«Қарасу аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы»  республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы тәртіп бұзушылықтар анықталған жерде тексеру актілері негізінде ҚР ӘҚБК 425-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырды,

Енді қатаң тәртіпке бағынбаған жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

«Сондықтан қарасулықтардың назарына тағы бір рет салғымыз келеді. Карантин мен локдаун кезінде шектеулерді бұзу халықтың өміріне қатер төндіретін орны толмас салдарға әкеп соқтыруы мүмкін, сондай-ақ, ондайлар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында барлық меншік нысанындағы объектілерде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № 78/2020 бұйрығымен бекітілген  коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің туындауының алдын алу бойынша эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар мен санитариялық қағидаларына сәйкес жұмыс алгоритмдерін қатаң сақтау қажет.

Жауапты болыңыз, өзіңізді және жақындарыңыздың өмірін сақтаңыз»,- дейді «Қарасу аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы»  республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушы Дүйсенбай Аппазов.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

1 день ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

2 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.