Соғыс ардагері Таңат Аймакеновтың ерлік жолы

Соғыс – үрей туғызып, жанға ауыр тиетін суық сөз. Қаншама адамның өмірін жалмаған сұм соғыс адамзат тарихының ажырамыс бір бөлігі болып табылады. Адамзат тарихында небір қанқұйлы қырғын соғыстар өткені белгілі. Оның бәрі тарихта тайға таңба басылғандай сайрап жатыр.

Тарих жылнамасындағы ең сұрапыл, үлкен қайғы-қасірет әкелген қанды қырғын – Ұлы Отан соғысы.

1941 жылы Фащистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашып, бейбіт өмірдің шырқын бұзып, сөйтіп, дүние жүзілік соғыс жайлады. Ел басына күн туған шақта ерлері намыс отын жағып, қолына қару алып, қан майданға аттанады. Фашизмге қарсы қиян-кескі шайқастарда қаншама отандастарымыз қаза тауып, қыршын кетті.

Міне, әлемді дүрсілкіндірген Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 75 жыл толып отыр. Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады. Бірақ, зұлмат жылдар жаңғырығы мәңгі өшпейді. Елін, жерін асқан ерлікпен қорғаған отандастарымыздың батырлығы мен қайтпас қайсарлығы ел жадында. Ерлік ешқашан ұмытылмауы тиіс.

Ел басына күн туып, ел іргесіне жау шапқан тұста қолына қару алып, қан майданға аттанған майдангерлердің қатарында Таңат Аймакенов та болды. Ол соғыс оты шарпыған кезде әлі кәмелет жасына толмаған бозбала болатын. Бірақ, өзінің жастығына қарамастан, Отанын жаудан қорғауға аттануға біржола бел байлайды. Жасы кіші болғандықтан, бұл әрекеті бірден іске аса қойған жоқ. Арада біршама уақыт өткен соң, 1942 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, Свердловск әскери училищесіне жіберіледі. Мұнда ұрыс жүргізудің тактикалық тәсілдерінен өтіп, 4 айдай әскери дайындықта болады. Кейін училищенің курсанттары үш полктен құралған (895, 896, 685) 193 атқыштар дивизиясы 62 аримяның құрамын толықтыруға аттанады. Ал Таңат Аймакенов 895 атқыштар полкінің миномет ротасына алынады.

Майдангер 1942 жылдың 23 тамызында «Баррикада» заводының оңтүстік жағындағы қорғаныс шебінің сапында болады. Бұлар ұстанған шепке немістер шабуыл жасап, бомбы жаудырып, артиллериядан атқылап, қанды шайқас ұзаққа созылады. Немістердің күші басым, соққылары жойқын болғаны соншалық, кеңес әскеріне зводтың аумағына шегінуіне тура келеді. Әскер көп қырғынға ұшырайды. Таңат Аймакенов басынан қатты соққы алып, миы шайқалады. Бірақ, шайқас әлі де жалғасып жатты. Немістер қаланың орталығына қарай шабуыл жасап, Волга өзені бағытына шығуды жоспарлаған еді. Алайда, олар кеңес әскерінің қорғаныс шебінен өте алған жоқ. Басқыншылар бірнеше ай бойы завод түбегін үздіксіз шабуылдаумен болады.

Майдангер Сталинград түбіндегі қиян-кескі ұрыстарға қатысып, жаумен жан аямай шайқасады. Сталинградтың оңтүстік-батыс және оңтүстік жағында болған қорғаныс ұрыстарына араласады. Атақты ген-фельдмаршыл Ф.Паулюстің қоршауға түскен әскер тобын жою жолындағы әскери дивизияның құрамында болады. Майдан даласында екі рет жарақат алады.

Таңат Аймакенов соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қажырлы еңбек етіп, ауданның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосты. Үлгілі шаңырақ көтерді, өзгелерге үлгі-өнеге болды.

Майдан даласына аттанып, Отан үшін от кешкен Таңат Аймакенов бүгінде арамызда жоқ. Бірақ, ол қан майданда ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, ел есінде мәңгі сақталып қалды.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суретте: Таңат Аймакенов

Редактор

Recent Posts

Прославленный артист Абдибек Божаков отметил 70-летний юбилей

Свою карьеру он начинал именно в Карасуском районе (далее…)

2 дня ago

В Карасуском районе продолжается реализация программы «Ауыл – Ел Бесігі»

В рамках государственной программы реализованы сразу несколько значимых проектов (далее…)

1 неделя ago

Карасуские самодеятельные артисты продемонстрировали своё мастерство

В регионе прошёл XXXVII областной фестиваль-конкурс народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!» (далее…)

1 неделя ago

Маршрут Карасу-Восток вновь стал действующим

Между райцентром и близлежащим селом опять ходит рейсовый автобус. (далее…)

2 недели ago

1/6 часть в областном зерновом каравае принадлежит карасуским аграриям

Сельхозформирования Костанайского региона официально завершили уборку зерновых культур. (далее…)

3 недели ago

Встречей-признательностью отметили День тренера карасуские спортсмены

В библиотечной гостиной прошла встреча ветеранов спорта и младой спортивной поросли. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.