Шекарашылар мемлекеттік тілді қолдайды

Мемлекеттік тіл – мемлекеттігіміздің негізгі нышандарының бірі

Тәуелсіз елдің өзіндік ерекшеліктерінің қатарына мемлекеттік тілді қосуға болады. Себебі, әр мемлекеттің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттігіміздің негізгі нышандарының бірі болып
саналады. XX ғасырдың басында ғұлама-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген болатын.

Туған тіліміз – халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз. Сондықтан да біздер оны құрметтеп, қолдап, аялау керекпіз.

Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін – ресми тіл және
мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған.

Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз. ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы полковник
Арман Жұмахметовтің ұйымдастыруымен шекара сақшыларының арасында мемлекеттік тілді оқыту сабақтары жүйелі түрде өткізілуде. Ал жұмыс барысындағы қолдану аясы кеңіді деп айтуымызға толық негіз бар. Қазақ тілін жетік білетін сардар заңнамаларға сәйкес, құжаттардың екі тілде орындалуын үнемі бақылауда ұстайды.

Сонымен қатар мемлекеттік тілде толтырылған құжаттардың грамматикалық жағынан қатесіз орындалуын тексереді. Арман Орақұлы сияқты қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерген басшының қолдауымен бүгінгі күні әскери ұжымдағы мемлекеттік тілде орындалған
құжаттардың саны артқанын айтуға болады. Ата заң аясында бақберекеміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі
екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі.

Мемлекеттік тілдің мерейін асыратын тек қана өзіміз. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде».

Ендеше, тілімізді – ұлтымызды, отбасымызды құрметтегендей қадірлейік!

Манарбек ҚАРЕКЕНОВ,
майор, ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаменті

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.