«Мың баладан» дара шықты

Жерлес дарынды шәкіртеріміз білім бәйгесінде үздік шықты

Жақында  Қостанай қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының базасында ауыл мектептерінің шәкіртері үші «Мың бала Ұлттық зияткерлік олимпиадасының» II кезеңі өткен болатын.

Мықтылар сынға түскен аталмыш білім додасына Қарасу ауданындағы  бес мектептен 5-6 сыныптың алты оқушысынан құралған команда қатысқан еді.

Олар Ангелина Белослудцева Павловка орта мектебі, Эльдар Шаншаров Қарасу орта мектебі, Анастасия Коровина Люблин орта мектебі,  Санжар Жансүгіров  Целинный орта мектебі,  Анастасия Коршукова Железнодорожная  орта мектебі, Дарина Мосиенко Қарасу орта мектебінің дарынды шәкіртерінен құралған топ аудан намысын аброймен қорғай білді.

Екінші кезеңнің қорытындыларын шығаруда оқушылардың жинаған  баллдарын саралау және бүкіл ел бойынша тестілеудің ең жоғары нәтижелері бар 1000 оқушыны іріктеу  жүргізілді.

Екінші кезеңнің  сынға түскен бес мың оқушының  функционалдық сауаттылықтары мен абстрактілі-логикалық ойлау дағдылары бағаланды.

Білім бәйгесінің қорытынды кезеңгеҚостанай облысы бойынша 5 және 6 сыныптардың арасынан үздік нәтиже көрсеткен   142 оқушы қатысқанын айта кеткен жөн.

«Өздеріңіз көріп отырғандай жалпы облыс бойынша барлығы 63 жеңімпаз атнықталды. Олардың 33 жүлдегері  5 сынып  оқушылары, 30 жүлдегері 6 сынып оқушылары болып отыр. Жеңімпаздардың арасында  біздің оқушыларда бар.

Олар Ангелина  Белослудцева, Эльдар Шаншаров, Дарина Мосиенколар. Жеңімпаздарымызды білім саласындағы  үлкен жеңістерімен құттықтаймын», – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Дәмір Шәріпов.

Енді 6-сыныпты бітірген жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес «Білім –Инновация» лицейлері мен «Дарын» мектептерінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік беріләп отыр. Ал, 5-сыныпты бітірген жеңімпаздар үшін Елбасы академиясының қашықтан оқту  мектебінде олимпиададан кейінгі қолдау шарасы қарастырылған.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Карасуляне продолжают оказывать содействие нуждающимся в финансовой помощи семьям школьников

По информации районного отдела образования, на сегодняшний день более трёх сотен школьников удостоены внимания не…

2 дня ago

Карасуляне с большим избирательным стажем проявили активную гражданскую позицию

В числе избирателей, которые на протяжении не одного десятилетия реализуют своё право на выбор, житель…

6 дней ago

Карасуское сельхозпредприятие вышло на финишную уборочную прямую

В ТОО «Талды-К» хлебоуборочные работы проведены на 80% зерноугодий. (далее…)

1 неделя ago

На ремонт стелы и декоративную подсветку в Карасу выделят 9 млн тенге

UPD / Изменение:Редакция допустила неточность в описании локации объектов благоустройства и приносит свои извинения. Как…

1 неделя ago

В Карасуском районе идут работы по сносу заброшенных строений

Данное направление программы благоустройства реализуется во всех сельских округах Карасуского района, где имеются не используемые…

2 недели ago

This website uses cookies.