Бала саны аз мектептер дәстүрлі форматта білім беруде
Жер жаһанды жайлаған коронавирус індеті бүкіл әлемді дүрліктірді. Үкімет тарапынан қатерлі кеселдің тұрғындар арасында таралуына жол бермеу мақсатындағы тиісті шаралар дер кезінде қабылданды. Қауіпті індетпен күрес әлі де доғарылар емес.
Жаңа оқу жылының басталғанына да екі аптаға таяп қалды. Оқушылар саны көп мектептер қашықтан оқып жатса, ал бала саны аз мектептер санитарлық сақтық шараларын сақтап, білім беруді әдеттегі режимде бастап кетті.
Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі де сақтық шараларын сақтай отырып оқушыларға білім беруде.
Айталық, балаларын мектепке алып келген ата-аналар ғимаратқа кірмейді, сыртта қалады. Мектепке кірер кезде баланың қызуы өлшенеді. Одан кейін қолдарын антисептикпен жуып, өндейді. Маска тағу міндетті. Сыныптар желдетіліп, тазартылып отырады. Кабинеттер міндетті түрде залалсыздандырылады.
Жаңабай АХМЕТОВ
Кайрат Оспанов стал серебряным призёром чемпионата мира по профессиональному джиу-джитсу. (далее…)
Қарасу аудандық ауруханасының педиатры Айсұлу Яковлева кішкентай пациенттердің қамқоршысына айналған жан. (далее…)
Традиционное состязательное мероприятие в 16 раз собрало любителей древней интеллектуальной игры из всех сёл Карасуского…
Проект «Читающая нация» направлен на повышение читательской активности населения, популяризацию отечественной и мировой литературы, а…
Қазір жер-жерде жылыту маусымы басталған мезгіл. (далее…)
Стоимость возвращенных участков составила 68 млн тенге. (далее…)
This website uses cookies.